Құқық | Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша халық билігі

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан - ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Демократия - халық билігі. Ол өз билігін еркін сайлау арқылы жүзеге асырып, өкілдерін билік орындарына сайлайды, солар арқылы мемлекетті басқаруға қатысады. Конституция өте ұтымды тілде билік көзі халық екенін, тек көптің тілеуі, соның мүддесі биік екенін норма түрінде жан-жақты баяндайды. ....
Рефераттар
Толық