Якобиншілдер диктатурасы

Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке якобшілдер келді. Революция жаңа күштерді жинай бастады. Елде революциялық диктатура өкіметі құрылды. Ол буржуазиялық-демокра-тиялық революцияның жетістіктерін нығайтуда батыл шаралар қабылдады.
Монтаньярлар аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобиншіл Конвенттің халық бұқарасымен байланысын нығайтуға тырысты. 1793 жылдың 3 маусымында шет елге қоныс аударғандардың иеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10 жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды.
10 маусымда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым шаруаларының жеке меншігі деп жарияланды. Шаруалар кезінде мырзалар олардан тартып алған жерлерін қайтаруды талап етті. Егер бұл шешімді тұрғындардың үштен бірі қолдаса, онда барлық қауымдастық жер әр шаруаға жеке иелікке бөлінуге тиіс. Ақыр соңында, 1793 жылдың 17 шілдесінде қабылданған декрет барлық феодалдық қалдықтарды толығымен жойды.
1793 жылдың маусымында Конвент Францияның жаңа конституциясын қабылдады. Конституция республика өкіметінде бір палаталы жиналыс болуын, төтенше сайлау жүйесін және де сайлануға қатысатын ерлердің жасы 21-ден темен болмауын қарастырды. Сондай-ақ демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жарияланды. Революцияның өрлеу кезінде пайда болған якобшілдердің буржуазиялық-демократиялық конституциясы халықтың барлық талаптарын қанағаттандырды.
Бірақ та осының барлығына қарамастан, шілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы шықты, сөйтіп, экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды.....
Рефераттар
Толық