Эстетикалық тәрбие әдістемесі

Жаратылысында өнерге бай, әдебиеті мен мәдениетін тең өрбіткен қазақ халқы сонау VІІ-VІII ғасырлардағы Қорқыт атаның қобыз үндерінен өмір нәрін танып, өркендеп, қаншама қиын замандарда да өшпей, өзгермей сақталып, қайта заман ағымымен астасып өсіп келеді.
Қазақ тарихындағы улы ойшыл тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) әйгілі шығармаларының бірі "Музыканың үлкен кітабы" атты еңбегінің мәдениет өркениетіне айқын жол салғанын аңғарамыз. Ғұлама ғалым бұл еңбегінде математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспейміз. Күні бүгін Отырар музейінде осы домбыраның жұрнағы сақтаулы. Ал, бұған дейін қазақ халқында домбыраға ұқсаған екі ішекті аспап болуы мүмкін. Толық музыкалық дыбыс беретін домбыра әл-Фараби қолымен жасалған.
Әл-Фараби бұл кітабында музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байпанысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған.
Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде әл-Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Әл-Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. ....
Рефераттар
Толық