file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Электрондармен кемтіктердің генерациясы және рекомбинациясы

Термодинамикалық тепе-тең күйде тұрған донорлық жартылай өткізгішті қарастырамыз. Жылулық генерациялану нәтижесінде донорлық қоспаның электрондары өткізгіштік зонаға өтеді. Жеткілікті жоғарғы температурада валенттік зонадағы электрондардың өткізгіштік зонаға өтуі басым болады. 1-суретте стрелкалармен жылулық қозудағы электрондардың ауысулары көрсетілген. Жылулық генерация нәтижесінде пайда болған және кристалл торларының термодинамикалық тепе-теңдіктегі еркін эарядтарды тасмалдаушыларын тепе-теңдік күйдегі зарядтарды тасмалдаушылар деп атайды.
1-суретте өткізгіштік зона мен валенттік зонадағы күйлердің кванттық тығыздығы f0(E), Ферми-Дирак таралу функциясы және сәйкес зоналардың шеттеріне жақын күйлерге ие болатын (штрихталған аудандар) тепе-тең күйдегі n0 электрондар мен p0 кемтіктердің концентрациялары бейнеленген. Еркін зарядты тасмалдаушылардың генерациясы мен қатар рекомбинация процессі жүреді, электрондар валенттік зонадағы еркін күйлерді иеленеді, осының нәтижесінде еркін электрон мен еркін кемтік жоғалады.....
Рефераттар
Толық