Ықылас Дүкенұлы

Қазақстанда ысқылы қылқобыз аспаптарда орындау дәстүрі өнері ұлттық бастау алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыканың даму кезеңі - майталман қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен тікелей байланысты.
Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы – мистикалық үніне қатты сенген.
Олар өз ұрпағының аман - саулығын, өсіп - өрбуін сол құдіретті күшпен байланыстырып, жамандық пен зұлымдылық аталудан сақтап қалушы да қара қобыз деп санаған. Ықыластың күйшілік феноменінің өмірге келгенін негізгі шарттарын дәйектегенімізде, оның түрлі бұлақтан нәр алатындығын анықталды. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Оның тартқан қобызының үні баласының құлағына жас кезінен есте қалған. Демек, Ықыластың арғы тегінде күйші - қобызшы, домбырашы, өнерпаздар көп болған. Жезқазған облысының жерінде Қызылтаудың батыс шалғайына Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы орналасқан екен. Осы Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі айрықша болып табылады. Бұл өңірдің қүйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден бастаған. Бұл дәстүрдегі күйлер, тыңдаушыларға ерекше әсер береді. Күйші ретінде ғажайып дәстүрді Ықылас қобыз тілімен өте әсерлі дамытқан. Осы жерде тұлға ретінде ол рухани тарихымыздың төрінен көрінеді.
Ықылас екі жасынан - ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш-төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян-сұлу», «Қамбар батыр», «Мұңылық - Зарлық» жырларына ұйып өскен деген деректер бар. «Сарысуда ұлан жаз бойы жатып алып жырлайтын жыршы Шөже жиі - жиі келген. Шөженің сай сүйікті сырқыратқан шерлі үніне боздаған қобыз үні қосылғанда, бес - алты жастағы Ықылас оны жылап отырып тыңдаған екен.
Кейін есейе келе сол әсердің күші болды ма екен, бір күйін «Қамбар» деп, екінші күйін «Мұңылық - Зарлық» деп тартқан болатын. «Қамбарда» - эпикалық кесек ой бар, «Мұңылық - Зарлық»-тәтті мұңға тұнған лирика» - деп жазады И. Жақанов. ....
Рефераттар
Толық