Шығармашылық

Шығармашылық іс-әрекет – жаңа нәрсені жасауға бағытталған іс-әрекет. Адам іс-әрекетінде екі түрлі белсенділік орын алады:
- қайта жаңғырту (репродуктивті), бұл ес процессімен тығыз байланысты - өткен тәжірибені салыстырмалы түрде айнытпай қайталау;
- шығармашылық – алдынғы тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер жасау.
Шығармашылық іс-әрекет адамды болашаққа бағытталған, өмір сүріп отырған ортасын өзгерте алатын жан етеді. Шығармашылық – таңдаулы адамдар, даңышпандар мен таланттыларға ғана тиесілі емес, ол адам қиялдап, құрастырып, өзгертіп және жаңа нәрсе жасауға қабілетті жердің барлығында бар болады.
Бізді қоршаған күнделікті өмірде шығармашылық тіршілік етудің қажетті жағдайы болып табылады, әдеттіге айналған заттар шеңберінен кішкене болса да шыққан және аз болса да жаңалығы бар заттың барлығы адамның шығармашылық процессінен туындайды (Л.С.Выготский).
Көбінесе шығармашылық іс-әрекет адамның танымдық қабілеттеріне негізделеді: шығармашылықтың құрамдас бөліктері сезімдік елестердің құрамында да, ақыл-ой түсініктері мен бейнелерінде де орын алады.
Шығармашылық философиямен қатар көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: психология, ғылымтану, өнертану, ақпарат теориясы, педагогика және т.б. Сәйкесінше шығармашылық көріністерінің көптеген түрлері топтастырылады: көркем шығармашылық, ғылыми-шығармашылық, өндірістік-техникалық шығармашылық, діни шығармашылық, күнделікті-тұрмыстық шығармашылық – басқаша айтқанда адамның практикалық және рухани іс-әрекетінің барлық түріне қатысты. Қазіргі күндері адамның шығармашылық іс-әрекетін арнайы зерттейтін ғылымды жасау мәселесі туындап отыр. Субъектінің әлемге деген қатынасының іске асуы танымда ғана жүрмейді. Танымның өзі мақсаты бойынша шығармашылықпен тығыз байланысты. Таным мен шығармашылықсыз адам өзінің универсалды өмірлік жолында жүзеге аспай қалуы мүмкін еді. Таным мен шығармашылық адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын құрал емес, ол адамды адам ететін зат.
Қазіргі кезде әрбір адам күн сайын күрделілену процессінен өтіп жатқан және иерархияланған әлеуметтік рольдер мен функционалды байланыстар жүйесіне енеді. Адамның рольдік мінез-құлығы стандартталуға ұшырап, онда әрекеттер мен сананың жақсыз дайын бейнелері көбейе түсуде. Жақсыз функцияларды атқарудың өзінде де жеке тұлғалық-адами шыңда болу үшін – адам әлемге және өзіне деген шығармашылық қатынастың жоғары деңгейіне ие болуы тиіс. Басқаша айтқанда индивид жоғарыда сипатталған жағдайларда адам бейнесін сақтап, ситуацияны басқаруға қабілетті болуы үшін оның шығармашылқ деңгейі жоғары болуы қажет. ....
Рефераттар
Толық