Биология | Шынжырлы тұқым

Шынжырлы тұқым – батыршылдыққа қатысты атау. Жаугершілік заманда батырлар үшін әскери кәсіп ата кәсіп саналып, әкеден балаға мұра болған. Батырлар әулетінде туған бала жастайынан ел үшін соғысқа араласып, әскери кәсіппен айналысуға міндетті болған. Батырлық жырлардағы Ер Қосай, Ер Тарғын, Қобыланды, 17 – 18 ғ-лардағы Райымбек, Бөгенбай, Қабанбай, 19 ғ-дағы Исатай, Жанқожа, 20 ғ-дағы Амангелді, тағы басқа батырлар бәрі де ата-бабаларынан ұрпағына дейін батыр болғандар. Қазақта мұны шынжырлы тұқым деп атаған. Осылай ата кәсіптің батырлар әулетінде ұрпағына жалғасуын "шынжыры үзілмеу” деп атайды. Жаугершілік кезінде батырлар әулеті үшін ата кәсібін жалғастырмау масқаралық болып саналған. Сондықтан батырдың балаларының 13 – 15 жастан соғысқа қатынасып, жорыққа .....
Рефераттар
Толық