file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шеллинг философиясы

Фихтенің зердеге айрыөша назар аударған философиясы неміс жерінде үлкен қолдау тапты. Оныі таным туралы, субъектінің қызметі туралы концепциясы көптеген философтарды ойландырды. Солардың ішінде классикалық неміс философиясының ірі өкілі Ф.И. Шеллингтің (1775-1854) еңбегі ерекше бағалы.
Бірақ Шеллинг Фихтенің шәкірті болғанымен, көп кешікпей ұстазының көзқарасынан бас тартты. Өйткені тым субъективтік негізде құрылған Фихтенің философиясы практикалық өмірде, әсіресе, ғылым саласында өзінің дәрменсіздігін байқатып қалды. Екіншіден, XVIII ғасырдың аяғында жаратылыстану ғылымдарның ерекше алға озып кетуі сол кездегі философтарға, әсіресе, жас Шеллингке қатты әсер етті. Ол физика, химия, биология, тағы басқа да жаратылыстану салаларымен айналыса жүріп, табиғаттың ішкі заңдылықтарын ашуға барынша назар аударды. Мұның өзі оның философиясын объективтік бағытқа қарай бұрды. Сөйтіп, классикалық неміс философиясында табиғат туралы философиялық ілім болған натурфилософия ағым ретінде дүниеге келді.
Шеллинг жаратылыстану саласын философиямен тығыз байланыстыра қарай отырып, табиғатты субстанция ретінде айқындауға тырысты. Бірақ, оның табиғатты субстанция деген көзқарасы өзіне дейінгі ұлы ойшыл Спинозаның көзқарасынан өзгешелеу еді.Мұндағы өзгешелік әрбір дәуірдің тарихи экономикалық, саяси жағдайына байланысты. ....
Рефераттар
Толық