Биология | Хромосомалық аурулар

Хромосомалық аурулар – хромосомалар құрылымының немесе санының өзгерісімен сипатталатын тұқымқуалайтын аурулар. Х.а-дың жиілігі жаңа туған нәрестелерге шаққанда шамамен 1%. Көптеген хромосомалық өзгерістер өмірсүргіштікпен сәйкес келмейді, және өлі туылыу мен спонтанды аборттардың негізгі себебі болады. Спонтанды аборттардың 20%-ға жуығында кариотиптерінде аномалия болды. Хромосома санының өзгеруі мейоздық бөліну кезінде олардың ажырамау нәтижесінде немесе ұрықтанған жұмыртқаклетканың ерте даму кезеңінде бөлінуінің бұзылысынан туындайды (қ.мейоз, митоз). Х.а-ды тудыратын хромосомалық аберрациялар физикалық (иондық сәулелер), химиялық (дәрі-дәрмектер, әртүрлі мутагенді препараттар), вирустық (вирусты гепатит, қызамық, қарамық және т.б.), факторлардың әсерінен пайда болады. Х.а. генетикалық материалдың әртүрлі өзгерісімен, полисомия (бір немесе бірнеше қосымша хромосомалардың болуы, полиплоидия, дупликация), .....
Рефераттар
Толық