Халықаралық экологиялық құқық

Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.
Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал.
Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар қүқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау құқығы", "қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық" сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді.
Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне:
- құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі;
- негізгі ластау көздері: а) өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады.
Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр.
Халықаралық экологиялық құқық осы заманғы халықаралық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны корғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. ....
Рефераттар
Толық