Тыныс алу мүшесі

Тыныс алу органдарының маңызы. Организмде әрқашанда және ұдайы тотығу арқылы белоктардың, майлардың және углеводтардың ыдырауы болып отырады, бұл кезде органикалық заттардың күрделі молекулалары оттегін қосып алады және ыдырайды. Заттардың ыдырауы әр түрлі физиологиялық процестерге және денені жылытуға пайдаланылатын энергияның бөлінуіне байланысты. Тотығу реакциясына қажетті оттегі организмге тыныс алу органдар арқылы келіп, клеткаларға қан арқылы жеткізіледі. Бұл процестің нәтижесінде организмдегі клеткаларда көмір қышқыл газы түзіледі, оны клеткалардан қан алып кетеді де, тыныс алу органдары арқылы бөліп шығарады.
Оттегін сіңіруге және көмірқышқыл газының бөлінуіне байланысты процестерді газ алмасу процесі деп айтады. Атмосфералық ауа мен организм арасындағы газ алмасудың жүзеге асуында тыныс алу органдарының маңызы бар.
Мұрын қуысы. Тыныс алу системасы мұрынның тар жолдарын, мұрын шеміршегі бөлетін мүұын қуысынан басталады. Ол оң және сол жақ жартылардан тұрады.
Мұрын жолдары эпителиймен қапталған. Оның кірпікшелері тыныс алатын ауамен бірге келген шаңды тұтып қалып, өзінің қозғалысы арқылы сыртқа шығарып отырады.
Мұрын жолдарының бетінде қан тамырлары көп болады. Ол тамырлармен ағатын қан, тыныс алатын ауаны жылытады.
Мұрын қуысының кілегейлі затында лейкоциттер болады. Олар өзінің фагоциттік қабілетінің арқасында тыныс алатын ауада болатын бактерияларды жояды. Бактерияларға мұрын қуысы бездері бөліп шығаратын кілегейлі зат та күшті әсер етеді. Бұл кілегейлі заттар бактериялардың тіршілік әрекетін баяулату арқылы, олардың организмге тигізетін қаупін кемітеді.
Егер ауа өкпеге ауыз арқылы енген болса, онда ауыз қуысындағы ауа, мұрын қуысындағыдай тазартылмаған, жылытылмаған және залалсызданбаған болар еді. Сондықтан тынысты ауыз арқылы емес, мұрын арқылы алу керек.
Ауа мұрын қуысынан хоан арқылы жұтқыншақ - таңдай тесігіне өтіп, одан тыныс алу системасының ең маңызды бөлігі - көмекей басталады.
Көмекей. Көмекей мойындағы 5-7 мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан. Оның қабырғасында үш үлкен тақ, үш кішкене жұп шеміршектер болады. Олардың ішіндегі ең ірісі қалқанша шеміршек деп аталады, оны мойынның алдынғы жағынан саусактармен ұстап тез тауып алуға болады. Оның үстінде екінші бір үлкен шеміршек - көмекей кацпагы орналасқан.
Бір-бірімен сіңірлер арқылы буындаса байланысқан көмекей шеміршектің талшықтары әр түрлі бағытталған, бірнеше көлденен жолақты еттер қозғалысқа келтіреді. Көмекейдің ішкі қуысы кілегейлі қабықпен астарланған. Көмекей қуысының ең тар жерінде дыбыс сіңірлері орналасқан, оларды ауа өткен кезде тербетеді де, сол тербелістің нәтижесінде дыбыс пайда болады. ....
Рефераттар
Толық