Тыныс алу жолдары және оның сипаттары

Кеуде тұсының ауыру сезімі өкпе қабынудың зақымдану кезінде құрғақ плеврит, ылғалды плевриттің бастапқы кезеңі, өкпе қабының бір біріне жабысқанында, плевра өспелерінде және кейбір плевра қабынуымен өтетін өкпе ауруларында (өкпе инфаркті, өкпенің крупозды қабынуы, өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің туберкулезы, және т.б) кездеседі.
Өкпе қабынан пайда болған ауру сезімі тыныс алу әрекетіне тікелей байланысты болғандықтан ол терең тыныс алғанда күшейе түседі.Ауру сезімі жөтелгенде, ауыратын жағына қарай науқас аударылғанда, денені қимылдатқанда, түшкүргенде күшейе түседі. Өкпе тінінде сезімтал нерв ұштары жоқ, ол тек өкпе қабында(плевра) ғана бар. Өкпе қабының жапырақшаларының бетіне қабыну кезінде пиврин талшықтары жабысып, бетінде кедір бұдырлар пайда болады.Осының нәтижесінде тыныс алғанда өкпе қабы жапырақшаларының үйкелісінен сезгіш нерв рецепторлары тітіркеніп, ауырсыну сезімін туғызады. Одан құтылу үшін науқас жөтелмеуге, тынысты терең алмауға тырысады.
Ылғалды плеврит кезінде ауыру сезімі тек бастапқы уақытта болады, тек плевра жапырақшалары арасына біртіндеп экссудат жиналып, олар бір бірінен алшақтаған соң ауыру сезімі жойылады да ентігу пайда болады. Плеврит сырқатынан соң ұйысу, яғни өкпе қабы жапырақшаларының бір біріне жабысып, тін құрылымының өзгеруі байқалса, аздаған ауыру сезімі сақталады. Ол әсіресе терең демалған уақытта плеврадағы сезгіш рецепторлардың тітіркенуі мен байланысты болады.
Қабыну үдерісі кеуде пердесіне жақын орналасқан өкпе қабына таралған кезде тітіркенудің ауырсыну жоғары қарай, иыққа, мойынға берілуі мүмкін. Кей-кезде ауырусезімі құрсаққа берілгендіктен аппендицит, холецистит ауруларымен шатастырып алуымыз да мүмкін. Пневмотаракс аяқ астынан пайда болған кеудеден күшті шаншумен қатар ентігу, көгеру, қан қысымының төмен түсіп кетуі анықталады.
Бұл белгілердің себептері - ол плевра қуысына ауаның өте шапшаң кіруі нәтижесінде плевраның сезгіш рецепторларының тітіркенуінен болады. Сол сияқты өкпенің сығылуы және орталық ағзаларының ығысуының нәтижесіне де пайда болады.
Ауыру сезімі миозитте, қабырға аралық невралгияда, іріңді теміреткіде, қабырғаның жарылуы мен оның сынуында, периоститте , остиомиелиттеде кездесуі мүмкін. Ауыру көкірек қуысына басқа ішкі ағзалардан берілуі мүмкін, мысалы: радикулитте, жедел холециститте ,көк бауыр инфарктісінде , кеуде пердесінің жарасында т.б. Қабырға аралықта невралгия кезінде ауыру сезімі қабырға бойымен орналасып, қабырға аралық нерв бойымен сипағанда анықталады. ....
Рефераттар
Толық