Тауарлық бәсекелестік

Бәсеке - өндіріс құрал-жабдығы жеке меншікке негізделген қоғамда тауар өндірушілердің тауар өндіруде және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу жолындағы өзара күресі, капиталистердің немесе капиталистік бірлестіктердің барынша көп пайда алу жолындағы күресі. Өндіріс анархиясына байланысты жоспарсыз, бет – бетімен, бей – берекет. Өз тәуекелімен тауар өндіріп жатқан жеке тауар өндірушілер бір – бірімен бөліспей – біріспейтін рақымсыз күрес жүргізу арқылы ғана өзіне жол ашады тауарды өндіруге, оны сатып өткізуге өзіне қолайлы жағдай туғызады. Стихиялық түрде әрекет ететін бәсеке тартыстың нәтижесінде ұсақ өндірушілер жіктеліп шығып, ат төбеліндей біразы ғана капиталистер қатарына ауысады, ал басым көпшілігі өндіріс құрал – жабдығынан айырылып, күйзеліске ұшырайды да, пролетарлар қатарына келіп қосылады. Капиталистік тауар өндірісінде тереңдей бәсеке, оның ажырамас серігіне айналады. Капитализмнің негізгі экономикалық заңды – қосымша құн заңы бәсеке тартыс арқылы тауар өндірушілерін өндіргіш күштерді дамытуға итермелейді. Капиталистік бәсеке тартыс арқылы тауар өндіріс пен капиталдың шоғырлануына және орталықтануына әкеліп соғады. Ірі – ірі капиталистер өздеріне керекті шикізаттарды арзан бағаға сатып алып, өндірген тауарларын қымбат бағаға сату мақсатымен дара монополияларға ұйымдасады. Еркін бәсекенің орнын монополия басады. Монополия еркін бәсекенің қарама – қарсысы. Бірақ монополия бәсекені құртып жібере алмайды, ол неғұрлым жойқын, қатал, апатты түрге енеді. Бәсеке – капитализмнің барлық сатылары үшін, оның ішінде империализмге де тән құбылыс. Монополиялық капитализмге дейін бәсеке тартыс ірі капиталистермен ұсақ капиталистер арасында жүргізілген болса, империализм тұсында бұл монополиялық капитал мен монополияланбаған капиталдың арасына ауысады. Бұл бәсеке тартыстың мәні бір жағынан монополияланбаған фирмалардың кәсіпорындарда жасалған қосымша құнның басым бөлігін монополиялардың басып алуға ұмытылуы болса, екінші жағынан, монополияланбаған фирмалардың өз кәсіпорындарында жасалған қосымша құнды түгелінен өздеріне қалдыруға күш салуы. Әдетте бәсеке күресте күші басым монополиялар жеңіске жетіп отырады. Сондықтан, ірі монополиялардың бақылайтын капиталының мөлшеріне қарай алатын пайда нормасы да жоғары болады. Олардың монополиялық баға жүйесі арқылы жиынтық қосымша құнның, жұмыс күші құнының басым бөлігін барған сайын монополиялық пайдаға айналдыру жолындағы күресіне әкеліп тірейді. Олардың әрқайсысы пайданың жалпы мөлшерінен алатын өз үлесіне көбейте түсуге ұмтылады. ....
Рефераттар
Толық