Таблетка өндірісінде қолданылатын қосымша заттар

Өндірісте шығарылатын таблеткалардың барлығы дерлік қосымша заттар қосу арқылы дайындалады. Тек аздаған тобы ғана қосымша заттарсыз дайындалады. Қосымша заттардың негізгі қолданылу мақсаты — бұл бір жағынан оңай дозаланатын және престелетін масса алу, екінші жағынан — дәрілік заттардың таблетка құрамынан қажетті жылдамдықпен бөлініп шығуын қамтамасыз ету.
Таблетка құрамына енгізілетін қосымша заттардың негізгі мөлшерлері МФ XI басылымында „Таблеткалар" статьясында көрсетілген. Қосымша заттардың жалпы мөлшері дәрілік заттың мөлшерінің 20 процентінен аспауы керек. Тек толтырғыштардың қолданылатын мөлшерінде ғана ерекшеліктер бар, олардың таблеткадағы мөлшері белгіленбейді. Нормадан ауытқулар жеке статьяларда көрсетіледі. Мысалы, таблетка салмағынан тальктың мөлшері 3 %-тен, стеарин қышқылының, магний немесе кальий стеоратының мөлшері 1 %-тен, твин-80 — 1 %-тен аспау керек.
Қазіргі кезде таблетка өндірісінде қолданылатын қосымша заттардың 150-ден астам түрі бар. Ал олардың тек 70 ғана мемлекеттік реестрге кіргізілген. Химиялық-фармацевтік өндіріс медицина қажеті үшін арнайы қосымша заттар шығармайды. Оларды химия, тамақ, тау-кен және т. б. өндірістерден алады. Осы заттар санитарлық-гигиеналық нормалары бойынша медицина қажетіне жарамайтынын атап айту керек. Сондықтан да болар, МФ XI — басылымына таб¬летка өндірісі үшін қосымша заттардың тек 23 түрі ғана енгізілді.
Таблетка өндірісінде қолданылатын барлық қосымша заттарды олардың қолданылу мақсаты бойынша мына топтарға бөлуге болады:
• байланыстырғыштар
• антифрикциондық заттар
• ыдыратқыш заттар
• толықтырғыштар
• бояғыш заттар
• препараттың әсерін ұзартатын заттар....
Рефераттар
Толық