Стилистика және жалпы халықтық тіл

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанның оқу-тәрбие саласында білімнің жаңа жүйесі қалыптасуда. Ол әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.
Мемлекеттік әлем кеңістігінде басқа елдермен тең тұрып, өркениетті ел ретінде танымал болып, халықтың әлеуметтік жағдайы, білімі мен ғылымы, өнері, мәдениеті дүниежүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында мағыналы да маңызды жұмыстар атқару - әрбір педагогқа үлкен сын және парыз.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету. Сондықтан болашақ ұрпақ қазіргі ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе”, - деп ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жаңа қоғамдық формацияның болашақ маманы ғылымның өзекті мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық тәжірибенің нәтижелігіне байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді. Жаңа қоғам жаңа маманды қажет етеді.
Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сана деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Тарихи кезең жүктеген зор міндеттерді ойдағыдай орындау әрбір пән иесінің азаматтық санасы мен жауапкершілік сезіміне, қызметін сүюі мен қажырлы ізденісіне, оқу-әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігіне, жеке басының ой-өрісі мен мәдениетіне тікелей тәуелді. Білім беру саясатының тұжырымдамасына сай, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын танымдық мәдениеті биік, ұлттық мәдениетті жете меңгерген, интеллектуалдық өрісі жоғары, өзін-өзі үнемі дамыта алатын белсенді, қабілетті жастарды тәрбиелеуде стилистика пәнінің, соның ішінде көркем әдебиет стилистикасының рөлі ерекше екені сөзсіз.
Әдеби көркем туындыда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс- салты, әдеп-ғұрпы, психологиясы, менталитеті, адамгершілік-эстетикалық-философиялық ұғым-түсінігі, арман-мұраты – баршасы көрініс тапқан, тілдік бай қазынасы жинақталған.....
Рефераттар
Толық