Сот ұғымы түсінігі шешімі айырмашылықтары

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тарихта және саясатта елеулі өзгерістер болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 1990 жылы 25-қазанда қабылданды. Мұнда “Қазақ Советтік Социалистік Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, Республикадағы тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай отырып, жалпыға бірдей адам праволары деклорациясын және ұлттардың өзін-өзі еркін билей правосын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, ізгілікті демократиялық-праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы деклорацияны қабылдайды”, - деп көрсетті.
Артынша бір жылдан кейін 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының (ҚР) Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” ҚР Конституциялық Заңы қабылданып, Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін жария етті. Онда былай деп жазылды: “ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің сыртқы және ішкі саясатын дербес аяқтап, өзі жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық көлемге шығарды, өзінің басқа мемлекеттермен қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады. ҚР аумағы бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды деп жарияланды. Ұлттардың азаматтары енді біртұтас Қазақстан халқы болып танылады. Мемлекеттік өкімет Қазақстан халқының еркін білдіреді. Мемлекеттің өкімет билігінің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну қағидасы тұңғыш рет танылады деп бекітілді.
1993 жылы 28-қаңтарда ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-сайланған 9-сессиясында дербес тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда халыққа қызмет ететін азаматтардың ең көлемді құқықтары мен бостандықтарын, т.б. жариялауда халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы болды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституция жобасы әзірленіп, бүкіл халықтық баспасөзде жарияланды. Бүкіл халықтық дауыс беру референдум нәтижесінде 1995 жылы 30-тамызда ҚР жаңа Конституциясы қабылданды. ....
Рефераттар
Толық