Созылмалы ауру

Қазіргі таңда қоғамда көптеген созылмалы аурулары бар сәбилер дүниеге келуде. Олар бұл өмірдің ашып келген соң қоршаған орта жақпай, яғни денсаулықтарына зиян келтіруіне байланысты көптеген жағдайлардан шектелулеріне тура келеді. Мүгедек балалар денсаулықтарына байланысты үйлерінде оқуы керек. Қазіргі таңда мемлекет мүмкіндіктері шектеулі балаларға жағдай жасауда. Көптеген ақаулықтары бар және мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы ауытқулардың түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына жағдай жасай отырып, оларды жалпы оқу үрдісіне кірістіреді.
Олар дың кеселі болғанмен қоғамнан шектелулеріне болмайды. Мысалы кішкентай балалар басқа балалармен ойнағысы келеді, бірақ денсаулығы көтермеуіне байланысты балалық кезеңнен шектеледі. Жүрегі ауыратын науқастар шумды көтермейді. Сол себепті олар көпшілік жерде жүрмейді. Мысалы мүгедек балалар жағдайын қарастырсақ: медициналық-ұйымдық деңгейде – аурулардың кеш анықталуы, аурулар мен мүгедектіктің алдын алуға жеткілікті мән берілмеуі, тегін медициналық көмекке қол жеткізудің, медициналық қызметтер сапасының төмендеуі, бірыңғай оңалту жүйесінде мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестірудің болмауы;
Мүгедек-балалардың арасында шамамен әрбір бесіншісі туа біткен даму аномалиясынан немесе хромосомалық сырқаттан зардап шегеді, балалардың 20 %-да мүгедектік себебі
жүйке жүйесінің аурулары болып табылады, ал психиканың бұзылуы 17,3 %-ды құрайды.
«Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы;
2005 жылға дейін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін қамтыды. Қабылданып жүрген шараларға қарамастан, соңғы жылдары жәрдемақылардың мөлшері шамалы болды. Сондықтан 2005 жылы мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін, немесе 50 %-ға: бірінші топ мүгедектеріне – 3 айлық есептік көрсеткішке (2895 теңгеге); екінші топ мүгедектеріне – 2,5 АЕК-ке (2412,5 теңгеге); үшінші топ мүгедектеріне – 2 АЕК-ке (1930 теңгеге); 16 жасқа дейінгі мүгедектерге – 3 АЕК-ке (2895 теңгеге) арттырылды ....
Рефераттар
Толық