Полигон және қоршаған орта

Қарапайым шопан өміріне үзіліс жасаймыз деп біз, бәлкім, болашақтағы ұлы даналыққа, жасампаз дүние жаңалықтарына бастайтын жалғастықты үзіп алған болармыз. Адамзат тарихында халықтың қалың ортасынан шыққан ұлы ойшылдар аз болмаған. Әр ғұмырдың өзіне лайық шынайы бағасын бере білу керек. Қиял-ғажайыпшылардың пайымдауынша, тіпті абайсызда басып кеткен кебелектің өзі біздің болашағымызды өзгертіп жіберуге елеулі себеп болады екен. Мұнда философиялық терең мағына бар. Өмірдің арзан-қымбаты болмайды. Өркениет үшін әрбір ғұмырға баға жетпейді.
Адам өзінің әлдеқандай кеселге шалдыққанын сезгенге дейін алаңсыз жүре береді. Білген кезде барып тітіркенеді. Семей аймағы тұрғынының басынан да тап осьшдай ахуал етті. Ол Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде. қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіпдеп көтеріле беретін, саңырауқұлақ секілді аләпат бұлт пен жарық дүниенің ғажайьш құбылысына ұқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай қарады. Өзі тұрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі ол үшін табиғаттың үйреншікті құбылысына айналды.
Адам осы байланыстың беті ашыла бастаған кезде барып тіксіне бастады. Бірақ тамыздың тып-тыныш аспанында саңырауқұлақ секілді алапат бұлттың біртіндеп көтерілген кезінен бері қырық жыл өтіп кеткен еді. Кәзір, осы жолдар жазылып отырған шақта, қырық жылдан аса бақылаусыз әрі жеке-дара білгенін істеп, бізге батпандай ауыр жүк қалдырған құбыжықтың үні өшті: енді түбегейлі жеңіс үшін аймағымызды ауыр жарақаттан айықтырып, оның байырғы күш-қуатын қалпына келтіріп алу қажет. Әрине, полигонның үні бірден өшкен жоқ. Оған біз соқтықпалы соқпақсыз, бардарсыз да ауыр жолдармен жеттік.
Адамзат бұл қозғалыстың тарихын білуі керек. Олар осынша ұзақ қырық жылдың біздің аймаққа нендей зобалаң әкелгенін білуге тиіс.....
Рефераттар
Толық