ПЕДАГОГИКА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

. Мектептегі тәрбие берудің барлық міндеттері тәрбиелеп оқыту және оқушылпрмен сабақтан тыс уақытта дүргізілетін арнаулы тәрбие жұмысы процесінде шешіледі.
Іс жүзінде оқыту және тәрбиелеу процестерін бір-бірімен ажыратуға болмайды және олар тығыз бірлікте жүзеге асырылады, бірақ бұлардың әрқайсысының өз спецификасы мен ерекшеліктері бар.
Тәрбиелеу педагогиканың кең мағынасында, басқаша айтқанда оқушылардың бойында комунистік саналылықты, қоршаған ортаға қарым-қатынасты, өмірге көзқарасты және соған сай мінез-құлықты мақсаттылықпен қарастыру мәселелерін де, адамның эстетикалық және басқа сезімдерін дамытуды және тұтас алғанда адамның мінезі, істеген істері, өзге адамға, Отанға қарым-қатынасы арқылы көрінетін бүкіл рухани бейнесін қалыптастыруды қамтиды.
2. Тәрбие процесі барынша күрделі диалектикалық процес болып табылады. Мекткептің белгілі мақсатты көздейтін тәрбиелік ықпалы балаларға әлеуметтік ортаның, үйдегі оларды қоршаған және өмірде кездесетін әртүрлі адамдардың тигізетін ықпалдарымен тығыз байланыса өріліп, бір-біріне ерекше әсер етіп отырады.
Оқытуда іс-жүзінде, мұғалімнің оқыту қызметіне тікелей қарсы бағытталған сырт ықпалдар жоқ: ол сондықтан жетекші және анықтаушы күшке ие, ал тәрбиеге келсек, мұғалім тәрбиешіге кей жағдайларда қарсы әсер ететін жаңағы сырт ықпалдарды зерттеп білуге көп уақытын жіберуге тура келеді, бұл оларға балалардың мінез-құлық тенденциясын пайымдау, сырт ықпалдардың соншалықты смрек кездеспейтін мұғалім тәрбиесіне қарсы мотифтерін білу үшін қажет.
Оқушыға әлдекім үйде немесе көшеде химиялық реакция мектепте үйреткендегіден басқаша өтеді немесе көбейтуді мұғалім айтқандай етіп орындауға болмайды, деп дәлелдеп жатқанын көзге елестету қиын. Ал тәрбие саласында мектептен сырт жерде мұндай қайта оқыту жиі байқалады.
Алайда, біздегі жақсы әлеуметтік ортаның және баланы қоршаған өмірдің күшті ықпалы жекелеген мектептердің тәрбие жұмысындағы кемшіліктер мен ақауларды да, кей жанұядағы үй ішіндегі теріс әсерлерді де көп ретте түзетіп отыратынын есептеуге болмайды.
3. Тәрбиеші өсу және даму үстіндегі баламен жұмыс істейді. Бұдан бұрын айтылғандай, сыртқы барлық әсерлер үйдегі қоршаған жағдайды және балалардың өздері жинаған әлеуметтік тәжірибені көрсететін, балалардың бойындағы өзгелерден қабылдаған және қалыптасқан, өмірден алынған барлық қасиеттердің тұтас жиынтығымен анықталыпішкі дүниесі арқылы өтіп, өзіндік көрініс табады. ....
Рефераттар
Толық