Тарих | Орта ғасыр
Орта ғасыр рухани жәдігерліктерінің арасында аз зерттеліп ,қазақ ғылымының нысанасына айнала қоймаған шығарманың бірі-«Тарих-и-Рашиди».Мұның авторы –тарихшы, ақын, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Дулати мұрасына Батыс ғалымдары қызыққанымен ,өз ұрпағына ұзақ уақыт бойы назар аудармай келген.Біз бүгінде дерекнама ретінде сол Батыс ғалымдарының еңбегіне ғана сүене аламыз.Тарихшы –қайраткердің ертерек зерттелінбеуі қазақ мектебін бітірген сан мыңдаған шәкірттердің тарихи танымына нұқсан келтірді.Бірақ ,қазір зерттеліп-зерделеніп жатқанына шүкіршілік айтайық.
«Тарих-и-Рашидиді»жазған Мұхаммед Хайдар Дулати 1499жылы Ташкент қаласында ,Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның күеу баласы ,ата-бабасы шонжар тұқымынан шыққан Құсайынның шаңырағында дүниеге келді.Оның атасының есімі де Мұхаммед Хайдар мырза Дулати.Сондықтан тарихшының есімі тарихи әдебиеттерде Мырза Хайдар деп аталады.Тахаллусы (бүркеншік есімі)-Аяз.Бұл жайында тарихшының қолжазбасында былай деп жазылған : «Алланың рахымы түскен пендесі,әлейім жұртқа Мұхаммед Хайдар есімімен танымал болған Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Құсайын көрегенмін(гурекен).мен алланың әмірімен ,аса бір қабілетім тасып ,іскерлігім асып-тасып бара жатпағанмен,ата-бабамның тарихын жазып қалдыруды парызым деп ұғып, аллаға мінәжат етіп,қолыма қалам алдым.....

Рефераттар