Құқық | Міндеттемелік құқық

Міндеттеме ұғымы. Міндеттеме дегеніміз не біз ол терминге қалай жауап айта аламыз. Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-ші бабында: “Міндеттемеге сәйкес бір адам (яғни борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмысты орындау ақша төлеу және тағы басқа сияқты бедгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті ”-, деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме азаматттық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал талап ету мен міндеттеме – несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақтық құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда – талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда – міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
Заңгерлер: талап етуді “міндеттемелік құқық”деп атайды.Бұл –“екі жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгеншежауапкершіліке шақыруға,яғни, талап етуге құқылы” деген сөз. Басқада азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменіңде өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар- субъект, мазмұн және объект.....
Рефераттар
Толық