file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Құқық | Мемлекеттік борыш

Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің сомасы ( олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.Ішкі мемлекеттік борыш –Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының қарыз беруші- резиденттердің алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.Сыртқы мемлекеттік борыш- Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының қарыз беруші- бейрезиденттердің алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелрінің бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш- бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиелерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.....
Рефераттар
Толық