Тарих | Мауераннахр мемлекеттің тарихы

МАУЕРАННАХР, М ә у р е н н а х р (араб. "өзеннің арғы жағы") — Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығындағы жерлер. М. атауы 7 — 8 ғ-лардағы арабтардың Орталық Азияға жорықтарынан кейін пайда болды. М. жеріне арабтар 705 ж. басып кірді. Араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 710 — 712 ж. Бұхара мен Самар-қандты, 714 ж. Шаш (Ташкент) пен Фарабты (Отырар) алып, ислам дінін, араб тілін енгізді. М. халқы Жетісу түріктерімен одақтасып, басқыншыларды Әмударияның арғы бетіндегі Мервке бірнеше рет ығыстырды. 8 ғ-дың 40-жылдарында Хорасан мен М-дың соңғы өміршісі Наср ибн Сейяр жергілікті халықтар көтерілісін басу үшін Самарқанд, Шаш, Фарабқа жорық жасап, Әмудария мен Сырдария аралығындағы жерлерді түпкілікті бағындырды. Сөйтіп бұл жерлер М. деп аталды. 8 ғ-дың аяғында қарлұқтар М-дың солтүстігіндегі жерлер үшін арабтарға қарсы күресті. ....
Рефераттар
Толық