Қаржы | Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды құрылымдарының бірі. Банктер қаржылық делдалдар ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтауларын және басқа бос ақша құралдарын тартады, және оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануға береді, ақшалық есептесулерді жүргізеді және басқа да алуан түрлі қызметтерді көрсетеді. Оcының нәтижесінде өндірістің тиімділігіне және қоғамдық өнімнің айналасына ықпал етеді.
Соңғы жылдары ақша нарығы мен капитал нарығының қалыптасуының қарқынды үрдісі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтауларды мобилизациялау мен ақша құралдарын инвестициялаудың өзара байланысты үрдісін жетілдірусіз мүмкін емес. Жинақтаулар табыстар мен тұтыну арасындағы айырма болып табылады.
Инвестициялар – табыс алу мақсатымен ақша қаражаттарының салымдары.
Өзінің қызметінің үрдісінде банк аудиториялардың әртүрлі типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және тағы басқалармен. Бұлармен банк пайдасын оңтайландыру мақсатымен байланысқа түседі.
Банктер банктік қызметтер нарығында қызмет ете келе қаржылық ресурстардың өтімділігі мен табыстылығын оңтайлы ұштастыруды, банктердің атағын қалыптастыру мен қолдауды қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы, әйгілі болуы осы банкке келетін клиенттердің санына ықпал етеді.
Банктің клиенттермен қарым – қатынастары банктік өнімдерді сатып алу – сату үрдісінде қалыптасады. Олар мыналарды қамтиды: несиелерді беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу немесе сату бойынша операциялар, валюталық қарым – қатынастар, есептесу операциялары, сондай-ақ траст қызметтері және тағы басқалар.
Қазақстанның жетекші коммерциялық банктері өздерінің табыстылығын кеңейту үшін, өтімділік пен бәсеке қабілеттілігін жоғарлату үшін өздерінің клиенттеріне көрсететін қызметтері мен операцияларының көлемін кеңейтуге тырысады. Банктік қызметтер клиенттер үшін қолайлы бағамен, ал банк үшін минималды шығындармен ұсынылуы керек.
Өзгермелі экономиканың қалыптасатын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін банктік қызметтер жүйесі тиімді және икемді болуы керек.
Сонымен қатар банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамаларына әсер етеді.
Қарқынды дамушы ақпараттық технологиялар ғасырында барлық банктер жаңа қызметтерді ендіруге және дәстүрлі қызметтерді жетілдіруге тырысады.[sup][/sup] ....
Рефераттар
Толық