Қаржы | Коммерциялық банктердің операциялары және оның түрлері

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық және сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың Коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары».
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтің операцияларына мыналар жатады:
 салым қабылдау (депозиттер);
 клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент банктерге) ашу және оларды жүргізу;
 өзінің бағалы қағаздарын шығару (облишация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);
 банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
 репо операциялары;
 еуровалюталық несие алу.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
 коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
 банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
 басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
 депозиттер операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Қазақстанда коммерциялық банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
 пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
 акционерлік банк;
 шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.....
Рефераттар
Толық