Медицина | ДӘРІЛЕР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ

Терапевтік маңызды шаралардың бірі — дәрі-дәр-мекпен емдеу. Мейіркеш сол бөлімшенің жұмысы үшін қажетті дәрі-дәрмектерді дұрыс жаздырып алып, олар-ды сақтауды дәрілерді дер кезінде сырқатқа үлестіруі және олармен емдеу әдістерін білуі тиіс. Дәріні тек ме-йіркеш таратады және сырқат адамдар тек мейіркеш кө-зінше ішуі тиіс. Бұл жұмысты кіші медициналық қызмет-керлерге немесе сырқаттың өзіне сеніп тапсыруға үзілді* кесілді тиым салынады.

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖАЗДЫРЫП АЛУ
.Дәріханадан дәрілерді жаздырып алып, оларды бел-меде сақтау тым маңызды да жауапты іс. Рецепті жазу кезіндегі зейін қоймаушылық әсіресе қатты әсер ететін және улы заттарды жазып беруде қате жіберу, сырқатқа орны толмасзиян келтіруі мүмкін. Мейіркеш дәрі-дәрмек заттарын дүрыс ұстап тұтынудың ережелерін барынша игеруі тиіс.
Дәрілерді күнделікті жазып алдыру қажет. Дәрігер-лік аралап шығу кезінде қатысқан мейіркеш дәрігердің барлық белгілеулерін мұқият жазып алуы тиіс. Аралап шыққаннан кейін мейіркеш ауру тарихынан барлық бел-гіленген дәрі-дәрмектерді арнайы қағазға және рецеп-туралық дәптерге жазып алады, ол дәптер немесе қағаз екіге белінген: оның біреуін дәріханаға дәрі-дәрмек да-ярлауға жібереді, ал екіншісін белімшеде бақылау үшін алып қалады. Қатты әсер ететін және улы дәрі-дәрмек-тер белек дәптерге жазылады, онда сырқаттың аты-жө-ні, ауру тарихының нөмірі, күні, ампула саны жазылып, мейіркеш қолын қояды. Бөлімшенің барлық рецептурасы аға мейіркешке келіп туседі. Ол өз кезегінде рецептің дұрыс жазылғандығын тексереді де, оны белім меңгеру-шісіне апарып тексертеді, қол койғызады, міне, содан кейін барып дәріхана оны даярлауға кіріседі. Ірі ауру-ханаларда дәрі-дәрмекті белімшелсрге апаратын арна-йы көлік бөлінген.
Мейіркеш дәріханадан дәрі-дормск қабылдау кезінде дәріхана тізіміндегі жазуларды рецептуралық дәптерде-гі жазылғандармен салыстырып, дәрі-дәрмектін, мөлше-рін, сыртқы түрін текссреді де содан соң барлық дәрі-лерді арнайы шкафқа жабады. Мөлшерінде қандай да бір ауытқу немесе дәріпі даярлауда кемшілік кездессе, мейіркеш бұл жөніиде бөлімше бастығына жедел хабар-лап, ол препаратты дәріханаға қайтарады.
Дәріханадан дәрі-дәрмек заттары қолдануға дайын күйінде келіп түседі. Дәрінің сыртқы орауын ауыстыру-ға, сұйық дәріні бір шыпыдан екіншісіне құюға, ұнтақ дәрілерді немесе түймедақты бір пакетке қосуға, ұнтақ дәріден ерітінді жасауға мейіркештің құхы жоқ, сыртын-да жазуы жоқ дәріні сақтауға рүқсат етілмейді. Дәрі-дәрмекпен шұғылданғанда мейіряеш аса үқыпты және абай болуы тиіс. Сырқатты дәрімен емдемес бұрын, дәрі оралған сыртқы қағазын мұқият оқып шығуы тиіс. ....
Рефераттар
Толық