Дінтану | Дін және қоғам

Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты - бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Баланы тәрбиелі азамат етіп өсіру - әке-шешенің ең басты міндеті. Өйткені бала әке-шеше үшін бір аманат. Бұл аманатты Алла Тағала оларға сый ретінде берген, сол үшін кейін сауап береді. Ата-ана балаларына жақсы тәлім-тәрбие және білім берсе, Алланың ризалығына бөленеді, ал бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген, немқұрайлы қараған ата-ана азапқа душар болады. Өйткені Алла қасиетті Құраңда былай бұйырады:
"Әй, мүминдер! Өздеріңді әрі үй - іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар ".
Олай болса, бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлмеу кісінің әрі өзіне, әрі балаларына, тіпті әлеуметтік ортаға да зиян. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі тап-таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені болса да қабылдайды. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырылған бала тәртіпті де, тәрбиелі болып өседі. Ол үшін ата-анасына сауап жалылады. Ал егер балаға көңіл бөлінбей ол жамандыққа бейім болып өссе, онда оның өмірі қор болып өтеді. Күнәсін оны тәрбиелеген адам көтереді. Сондықтан баланы бұл дүниенің бәле-жаласынан және қияметтің қиындығынан қорғау керек. Мұның мәні - балаға алдымен имандылықты, әдептілікті, көркем мінезділікті, жақсы істерді үйрету, жаман қылықтан, өткінші өмірдің рахаты мен қызығын қуудан, дүниенің құлы болудан сақтандыру. Өйткені Ислам бала тәрбисін ата-анаға парыз еткен. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қоғаммен мемлекет те жауапты.
Уқба ибн Амирдеи (р.а.) Имам Бухари (р.а.) риуаят еткен хадисте айтылғандай, ата-ананың бала алдындағы міндетіне байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанымен киіндіріп, бақса, олар (яғни, қыздары) үшін тозақ отынан қалқан болады". Ата-ананың келесі міндеті - балаға жақсы ат қою. Бұл жайында да Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Әкенің бала алдындағы міндеті -жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру". (хадисті Ибн Аббастан (р.а.) Имам Бухари (р.а.) риуаят еткен). Бұдан кейінгі ең маңызды міндеті – балаға ислами тәрбие беру. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Ұл-кыздарыңа жеті жасынан бастап намаз оқуды үйретіңдер. Он жастан бастап әрқайсысының жататын жерлерін бөлек етіңдер".45
Бірде сахаба Әбу Рафиғ (р.а.) Расулуллаһтан (с.а.у.) "Баланың біздің алдымызда міндеті болғандай, біздің де олардың алдында тиісті міндетіміз бар ма?" - деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.у.): "Әрине, ата-ананың баласына қатысты міндеті - оған Құранды үйрету(яғни Құранда айтылғанды орындауды), оқ ату мен жүзуді және тек адал еңбекпен тапқанды мирас ету", - деп жауап берді. ....
Рефераттар
Толық