Биология | Дифтерия

Дифтерия



Дифтерия- шырышты қабықтар зақымданып, оларда ақшыл-сұрғылт қабықшалардың пайда болуымен және организмнің жалпы улануымен сипатталатын жұқпалы ауру.



Қоздырғышы- дифтерия таяқшасы (1884 жылы Леффлермен ашылған) Сыртқы ортада өте тұрақты-ойыншықтарда, ыдыс-аяқта, көрпе-жастықта көпке дейін сақталады. Өте улы экзотоксин бөліп шығарады.



Эпидемиологиясы:



1.Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушы адам.



2.Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей және қарым-қатынас.



3.Төзімділік (сезімталдық- 3-7 жасқа дейінгі балалар



4.Иммунитет-тұрақты,



5.Маусымдылық- күз.



Патогенезі: Дифтерия таяқшасы ауыз қуысының көздің, мұрынның шырышты қабықтары және тері арқылы еніп, сол жерде өсіп-өнеді, бөлінгең экзотоксиндері ұлпалардың некрозын тудырады, фибринді қабықша пайда болады.



Жіктелуі: 1.Ауыз қуысының дифтериясы



2. Мұрын қуысының дифтериясы.

.....
Рефераттар
Толық