Медицина | ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ӨЛШЕУ

Дені сау адамның қалыпты дене температурасы тақ-ертеңгілж және кешкілік сәл ғана езгеріп отырады және 37°С артпайтын тұрақты болады. Температураның мұн-дай тұрақтылығы организмдегі жылу белу және жылу беру процесіне байланысты болады. Балалардың темпе-ратурасы сәл жоғары, ал қария адамдардың температу-расы сәл төмендеу болады. Дене температурасының тәу-ліктік езгеруі организмдегі тәулік бойында болатын қышқылдық процестермен байланысты, сондықтан таң-ертең температура градустың бірнеше ондық бөлігіне жоғары, кешке төмен болады. Тік ішек пен қынапта тем-пература, қолтық пен шаптың тұсындағы тері темпера-турасынан 1°С жоғары болады.

ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУ МЕН ОНЫ БАҚЫЛАУ
Дененің температурасын өлшеу мен оны бақылау — мейіркештің күнделікті әрі маңызды міндеті. Дене тем-пературасын дәрігерлік термометрмен елшейді.
Алғаш дәрігерлік термометрді 1723 жылы ұсынған Фаренгейт еді. Еліміз Цельский термометрін қолданып жүр, ол капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Температураны елшегенде көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Термометрді жерге түсіріп немесе жа-қын тұрған затқа ұрып алмас үшін оны еппен сілку ке-рек.
Дәрігерлік термометрді түбіне бір қабат мақта салып, дизенфекцияланатын ерітінді, мысалы 0,5% хлорамин ерітіндісін құйған банкіге немесе стақанға салып сақтау қажет.
Температураны өлшеу алдында термометрді мұхият сүртіп, 35°С дейінгі белгіден темендегенше сілкіп, содан кейін сырқатқа береді. Қолтық астын алдын ала құрғақ сүлгімен сүрту қажет, себебі дымқылдық сынапты суы-тады да, термометр неғұрлым төмен температураны көрсетеді. Қолтық астына термометрді барлық өлшеу уақыты барысында оның сынаптық резервуары барлық жағынан денеге тиіп тұратындай етіп қою керек. Термо-метр мен дене арасына іш киім қалмауы тиіс. Әлсіз сыр-қаттың қолын мейіркеш сүйеп түрады. Өлшеу ұзақтығы кем дегенде 10 минут.
Өте жүдеген және ауыр науқастар температурасы тік ішек арқылы өлшенеді. Дәреті жүрмеген немесе іші өт-кен кездерде, тік ішек аурулы болса, мүндай әдіспен өл-шеуге болмайды. Тік ішекке термометр салмастан бүрын вазелинмен немесе кез келген маймен оны майлап, содан кейін сырқатты қырынан жатқызып, термометрді жар-тысына дейін кіргізу керек. Қос қүйымшақ бірінің үстіне бірі тығыз жатуы тиіс. Тік ішек арқылы өлшеген сайын термометрді жылы сумен мұқият жуып, спиртке немесе қолда бар дизенфекциялайтын ерітіндінің біреуіне салып залалсыздау керек.
Балалардың температурасын шап қыртысынан өл-шейді. Ол үшін баланың аяғын ұршық буынынан термо-метр тері қыртысында болатын етіп біршама бүгеді.....
Рефераттар
Толық