Медицина | Г.Мендельдің тәжірибелері
Гибридологиялық әдісі алғаш рет австриялық ғалым Г.Мендель тарапынан қолданылды (1865). Ол тәжіребиелерінде өздігінен тозаңданатын асбұршақ өсімдігін қолданды. Мендель бір-бірінен бір, екі және одан да көп белгілер бойынша ажыратылатын таза іріктемелерді (гомозиготаларды) будандастырды. Сөйтіп, ол бірінші, екінші және т.с.с. реттік ұрпақ типтерінің статистикалық арақатынастарын математикалық жолмен зерттеді. Алынған нәтижелер бойынша тұқым қуалаушылық заңдары ашылды.
1) Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы
(Мендельдің бірінші заңы)
Г.Мендель тұқымды сары асбұршақ өсімдігін тұқымы жасыл асбұршақпен будандастырды. Екеуі де таза іріктемелер, яғни гомозиготалар еді.
Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы - Мендельдің бірінші заңы: таза іріктемелер будандастырылғанда гибридті бірінші ұрпақтың барлығының фенотиптері бірдей болады.
Бұл бірден фенотипте көрінген белгіні Мендель доминантты, ал көрінбей қалған белгіні рецессивті белгі деп атады.
1) Күлгін гүлден алынған аталықтар
2) Ақ гүл аталықтарынан алынған тозаңдар күлгін гүл аналығына тасымалданады.
3) Тозаңданған гүлден жетілген бұршаққын.
4) Бұршаққыннан шыққан дәндер егілді.
5) 3ерттелінген ұрпақ: барлығы күлгін гүлдер.....

Рефераттар