Экономика | Вексельдер

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы,яғни өнімді өндіру,оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады.Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырусыды кейінге қалдырады.Демек өнім несиеге сатылады.Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бірі түрі-вексель пайда болады.
Вексель- қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.Ол- бағалы қағаз.Вексельді борышқор,яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға,яғни вексель иемденушіге береді.Вексельдің мәні- несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының(вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие-қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді.Себебі,вексельдің мәні-тек қарызды қайтару кепілі ғана емес,сонымен бірге,саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы- ресурстардың айналымын жеделдету.Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін,ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыныіздестіреді.Әлбетте,вексельді банк сатып алады.
Вексель- тауар- ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бірі басты қаржылық құрал.Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады.Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы,германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды).
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса,оған айналым қаржысының уақытша жетіспестігін вексельмен толтыру онша қиын емес.Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар-ақша айналымын жеделдетеді.Қазақстан Республикасында қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде,төлем құралдарының жетіспеушілігі,өндірістің құлдырауы,шаруашылық байланыстарының үзіліп және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде векселге деген ынта арта түсуде.Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде.Қазірдің өзінде вексель айналымын реттейтін бірсыпыры ереже-құжаттар пайда болды.....
Рефераттар
Толық