Биология | ВЕГЕТАТИВТІК НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

ВЕГЕТАТИВТІК НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерден тұрады. Симпатикалық нервтер омыртқалардың бойында орналасқан тораптардан басталады. Бұл торап жасушаларына жұлынның кеуде және бел бөліктерінің нейрондарынан талшықтар келеді. Парасимпатикалық нервтердің орталығы ми бағанасында және жұлынның сегізкез бөлігінде орналасқан. Бұл симпатикалық тораптардан және парасимпатикалық нервтердің орталықтарынан аксондар ішкі ағзаларға келеді және олардың жанындағы, іштеріндегі тораптармен синапстық байланыстар құрады. Ішкі ағзалар қарама-қарсы әсер ететін әрі симпатикалық, әрі парасимпатикалық нервтермен жүйкеленеді.



Вегетативтік рефлекстердің доғалары жұлында, сопакша және ортаңғы мида түйіседі. Сондықтан орталық нерв жүйесінің осы бөліктерінің бұзылыстары ішкі ағзалардың қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі. Мәселен, жұлыны үзілген жануарларда, қимылдық әрекеттердің бұзылыстарынан басқа, артериялық қан қысымының қатты төмендеуі, жылу реттелістерінің, тер шығуының, үлкен және кіші дәрет шығарылуларының бұзылыстары байқалады. .....
Рефераттар
Толық