Тарих | Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі
18-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жырау-Бұхардың шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы айтпас бұрын жыраудың сол өзі өмір сүрген дәуірде көтерген мәселелері, жырлаған тақырыптары туралы зерттеуші-ғалымдар мен әдебиетшілердің пікірін келтіріп өткен жөн. Өйткені жырдың тақырыбын білмей тұрып, оның көркемдік ерекшелігін ашып көрсету мүмкін емес.
Әдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша 18-ғасыр – қазақ поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе жатқан жыраулық дәстүрдің одан әрі дамып, жаңақырларынан көрінген кезеңі болса, екінші жағынан, ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды.
“18-ғасыр қазақ қоғамы үшін, Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ,қан жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыстардың заманы болды.Әсіресе өзінің елдік дербестігін сақтап қалу үшін ханнан бастап қарашаға дейін ат үстінде жүрген жаугершілік заман еді”- дей келе академик, профессор Р.Сыздықова 18-ғасырдағы поэзияның басты тақырыптары ретінде:
1.Ел қорғау, яғни елдік-ерлік тақырыбы;
2.Әлеуметтік-қоғамды суреттейтін жаңа соны тақырып;
3.Дінге, мұсылман дініне қатысты мәселелер
-сөз болғандығын айтады.
Ал енді Бұхар жырау шығармашылығына келсек, жоғарыда аталған тақырыптардың бәрін оның творчествосынан кездестіреміз. Оған дәлел Бұхардың: “Ей, айтшы, Алланы айт”, “Ақтың үйі мешіті”, “Ханға жауап айтпасам”, “Айналасын жер тұтқан” және т.б толғаулары жатады....
Рефераттар