Есептеу техникасы | Биполярлы Транзисторлар
Екі p-n өтпеден тұртын, яғни p-n-р немесе n-p-n құрылымды үш шықпасы бар шала өткізгішті аспапты транзистор деп атайды. Транзисторлар электронианың ең кең тараған элементі. Олар кернеу, ток немесе қуат күшейткіштерінде, логикалық т.б. құрылғыларда қолданылады. Транзисторларды электронды немесе кемтікті электр өткізгіштікті германий мен силицийден жасайды. Электр өткізгіштігі электронды және кемтікті заряд тасымалдаушылармен түзілетіндіктен мұндай транзисторларды биполярлы деп атаған. Әдетте транзисторларды жұмыс жасай алатын жиіліктері аралығына және қуатына қарай әртүрлі топтарға бөледі: төменгі және жоғарғы жиілікті, әлсіз немесе қуатты т.с.с деп.
Транзисторда екі p-n өтпенің біреуіне кернеу тура бағытта, ал екіншісіне кері бағытта беріледі (1-сурет). Ортаңғы қабат (ортаңғы шала өткізгіш) база деп аталады. Өткізгіштігі берілген кернеудің полярлығымен сәйкес келетін (р-түрлі шала өткізгіш кернеу көзінің полюсімен, ал n-түрлі шала өткізгіш минусымен қосылған) сыртқы қабат эмиттер деп, ал өткізгіштігі кернеу көзінің полярлығына сәйкес келмейтін (n-қабат плюспен, ал p-қабат минуспен қосылған) сыртқы қабат коллектор деп аталады.
1-сурет. Транзисторлардың сұлбалық құрылысы және графикалық шартты белгілері: а) p-n-p; б) n-p-n
Осы себепті эмиттер-база өтпесі әр уақытта да ашық, яғни кедергісі өте аз болады, ал коллектор-база өтпесі жабық, яғни кедергісі өте үлкен болады. Сондықтан эмиттер-база өтпесінің кернеуі аз да, ал коллектор-база өтпесінің кернеуі үлкен болады.
Транзистордың екі өтпесіне екі кернеу берілгендіктен және ол көбіне әлсіз сигналдарды күшейту үшін қолданылатындықтан оның кірмелік және шықпалық қысқыштары болуы керек. Транзистордың үш шықпасының бірі әдетте кірмелік және шықпалық тізбектері үшін ортақ болады. Осы себепті транзистордың үш түрлі жалғану сұлбасы болады (1-сурет): базасы ортақ, эмиттері ортақ және коллкторы ортақ. ....

Рефераттар