Экономика | Баға туралы ілім

Баға, немесе, басқа сөзбен айтқанда, айырбас құбылысына кіретін игіліктердің көлемі, біздің назарымызға күшпен енгізіліп отырғанымен, ғылыми зерттеудің нысаны болады, солай болғанымен айырбас аса маңызды орын алмайды. Бұл жерде маңыздылық айырбасқа қатысушы екі жақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды айырбас жолымен жақсы қамтамасыз етуде. Шаруашылық жүргізуші адамдар мүмкіндігінше өз экономикалық жағдайларын жақсартуға ұмтылады. Осы мақсатқа жету үшін олар өздерінің шаруашылық қызметін жүргізеді және осы мақсат үшін олар жан-жақты айырбасқа түседі, осының арқасында бұл мақсатқа қол жеткізе алады. Бұл жағдайда баға тек бастапқы құбылыс, адами шаруашылықтардың арасындағы экономикалық теңдестірудің белгілері.
Егер деңгейі әр түрлі екі су қоймаларының арасындағы қақпаны алып тастаса, онда су бір қоймадан екінші қоймаға деңгейі теңелгенше құйыла береді. Алайда бұл құйылып жатқан суды біз ауырлық немесе инерция күшінің әсері деп санаймыз.
Игіліктің бағасын осы құбылыспен салыстыруға болады-бұл шаруашылықтар арасындағы экономикалық теңестірудің белгілері. Оларды қозғалысқа келтіруші күш-бұл ақырғы және кез келген шаруашылық қызметінің жалпы себептері: адамдардың өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға деген ұмтылысы, өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту. Барлық үдерістің жалғыз-ақ сезіммен қабылдайтын элементі- баға деп және бағаның биіктігін дәл өлшеуге болатындықтан, күнделікті өмір оны ылғи да алдымызға тосады, сондықтан бағаның шамасы айырбас үрдісінің маңызды сәті деп қателесуіміз қиын емес, ал игіліктердің көлемін айырбастау актісінің негізі- эквиваленттер.....
Рефераттар
Толық