Экономика | Банктің активті және пассивті операциялары

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республика- сының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер бо- лып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Респуб- ликасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметтері туралы", жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.
Аталмыш заңга сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Занды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты — пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Занды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдылық мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, таға басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан, жумылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабута береді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және де олардңц негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құдіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметгері туралы» Заңның 30 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар кіреді:....
Рефераттар
Толық