Биология | БАДЫРАҚКӨЗ экзофтальм

БАДЫРАҚКӨЗ, экзофтальм (грек. ex — сыртқы және ophtһalmos — көз) — көздің ұясынан сыртқа ығысуы түрінде байқалатын сырқат. Бадырақкөз шын және жалған болып ажыратылады. Шын Бадырақкөзге көз бен көз ұясының аурулары, ал жалған Бадырақкөзге көздің нашар көруінен болатын аурулар жатады. Шын Бадырақкөз тұрақты, ауыспалы, солқылдақ болып үшке бөлінеді. Тұрақты Б-дің басты себептері: жалпы организм аурулары (лейкемия, тиреотоксикоз, т.б.), бас аурулары (ми ісігі, қан тамырларының кеңеюі), мұрын қуысы ісігінің немесе қабынуының көзге шабуы. Ауыспалы Бадырақкөз тамырдың варикозды кеңеюінің салдарынан пайда болады. Венадағы қан қысымы көбейгенде көз ұясынан алға қарай ығысып, қайтқанда — ішіне түсіп, шүңірейіп тұрады. Солқылдақ Бадырақкөз кезінде ішкі ұйқы артериясы мен көз қуысының арасында қосымша қан тамыры (жалғама) пайда болады. Мұндай жалғама іштен немесе қан тасу аурулары, бастың жарақаттануы салдарынан пайда болады. Бадырақкөзді негізінен операция жасау арқылы емдейді.[1]

Пайдаланған әдебиеттер



↑ Қазақ Энциклопедиясы, 1 том .....
Рефераттар
Толық