Педагогика | БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ

Диалектикалық материализімнің позициясы бойынша мән — бұл заттың ең басты, ішкі, біршама тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының жиынтығы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан оның барлық басқа жақтары мен белгілері тарайды. Осы анықтамаға сүйене отырып, мысалда көрсетілгендей элементарлық кереге көз арқылы талдау негізінде педагогикалық процестің мәні, екі жақты сипатылынады — ең әуелі, жұмыс істеп тұрған әлеуметтік жүйе ретінде, содан соң өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде.
Әлеуметтік жүйенің бір түрі ретіндегі педагогикалық процесте де оларға тән ұқсас белгілері болады:
- жүйе жалпы мақсатқа ие болады, оның жұмыс істеуі мақсатқа
лайықты жүреді;
- өз-ара байланысты элементгерден тұрады (бөліктерден);
- жүйені шектеуге әкелетін қоршаған ортада өмір сүреді;
- оның жұмысын қамтамасыз ететін белгілі бір қорға ие болады;
ішкі құрылым жүйесінің қоршаған орта мен байланыстылығының және деңгейлерінің тәуелділігін көрсетеді;
- жүйе өзінің ішкі карама-кайшылықтарына байланысты дамуға
қабілетті;
- ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.
- Педагогикалық процесс біртұтас объект ретінде оның бөліктеріне емес, тек сол нақтылы объектіге ғана, өзіне тән интегративтік қасиеттерінон туындайтын өзіндік ерекшеліктеріне болады. Әлеуметтік жүйелерде, жүйе құрушы фактор болып мақсат саналады. Педагогикалық процесте мақсат, қоғамның өсіп келе жатқан адамды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға байланысты қоғамның әлеуметтік тапсырысынан туындайды, ал оның нәтижесі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттеріне байланысты болады.....
Рефераттар
Толық