Әдебиет | АҚИҚАТТАН АДАСУДЫҢ АЗАБЫ

Шыңғыс Айтматовтың: “Адам тұлға ретінде траге¬дия¬лық қобалжулар арқылы ашы¬ла¬ды” — деп айтқаны бар. Шын¬дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі¬нің трагедиялық кезең¬дер¬ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу.
Алдан Смайылдың “Фо¬лиант” баспасынан жарық көрген “Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия¬сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста “Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”.
Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар.
Сонда мына жалған адам мен адамды неге шабыстыра бе¬реді? Бұған роман кейіп¬кер¬лерінің пайымы әркелкі.
“Ғұмыр бойы қарасы өшкір өшпенділіктің құлы болдым ғой, — деп күңіренеді елге шыққан жазалаушы жасақтың қаныпезер басшысы. — Ол мені қатыгездендіріп алып өмірі барларға қайрап салды да отырды”.
Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлек¬селеніп келген өзіне, содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті, удай мас болып құлап жатқанда талай рет үнін өшіре сал¬ғысы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін істейтін сұмырай өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қор¬қау¬лана қоймағандығы кінәлі еді.
Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың өзі секілді бұралқы иттей бұра¬тылып жүрмегендігі үшін, кү¬ңіренбей күлгені үшін, жетім¬сіремей жетіскені үшін...
“Қарғыс айтып қыңсылап жүргендер өшін ала алмай өлек¬-селенгендер ғой, олар қашан да өкініп өледі. Өші кетіп өшкендердің күйзелісінен сақтасын. Өзегі өртеніп тұрса да өшіге білмейтіндер баяғыда өліп біткендер, — деп тістенеді ол. – Мұңсызбын деп жүрген-дердің бәрі өздерінен өш ала алмайтынын сезеді. Қай¬ғылының бәрі алынбаған өші¬нің соңында ғұмыр бойы сал¬пақтайды. Өмір өшіктіру мен өш алудан тұратынын ұқпаған¬дар өшін қуғандарды қайдан түсінсін. Тәңірдің өзі бұларды тозақтан бетер жұмыр жерге өмір¬ден өш алу үшін жамыратып жіберген жоқ па?!” ....
Рефераттар
Толық