Әдебиет | Ахмет Яссауи

Ахмет Яссауи- түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне машһур болған ойшыл қайраткері. Ол мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмет Яссауи кезінде “жахрия” (экстаз) немесе “Яссауия” деп аталып кеткен сопылық-мистикалық ағымның негізін қалады.
Ахмет Яссауи Испиджаб (Сайрам) қаласында туылған. Ақынның туылған жылы белгісіз, ал 1166 жылы қайтыс болған. Ер жете келе Түркістан (ол кезінде Яссы деп аталған) қаласына келіп тұрады. Сол кезде атақты Арыстан Баб және Жүсүп Хамадани деген шайықтардан тәлім-тәрбие алған. Бұхарада оқыған. Сосын оқымысты адам, сопы ретінде Яссы қаласына қайтып келеді.
“Диуани хикмат” ( “Даналық кітабы” ) – түркі тілді халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Яссауи хикматтарының тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы А.Қ.Боровковтың пікірі бойынша “Даналық кітабы” оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұлан-ғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті болатындай ауыз-екі сөйлеу тілінде жырлағаны дау тудырмайды. Бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген сияқты.
Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп нұсқасы сақталмаған. Ең ескі
нұсқасы XV -ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. “Даналық кітабы” Қазан (1887 және 1901 ж.), Стамбул ( 1901 ж.), Ташкент (1902 және 1911 ж.) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады.....
Рефераттар
Толық