Биология | Аусыл

Аусыл (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease-FMD) аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Тарихи деректер. Жануарлардың аусылмен ауыруы туралы бірінші жазба деректі 1546 ж. Италияда Д. Фракастро берді. Бұл аурудың қоздырушысы вирус екенін неміс ғалымдары Деффлер мен Фрош (1898), ал вирустың бірнеше түрге бөлінетіндігін француз ғалымдары Валле мен Карре (1922) анықтады. Аусыл Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кеңінен тараған. Бұл аурудан ұзақ уақыт бойы тұрақты АҚШ, Жапония, Канада сау болып есептелінеді. Европа мен Азия құрлықтарында аусыл жиі байқалып тұрады. Осы екі құрлықты толықтай дерлік қамтыған соңғы лаң 1966 ж. болды. Қазір ТМД мемлекеттерінде шектеулі ғана территорияларда оқтын-оқтын байқалып қалады.
Қоздырушысы - Aphtovirus- РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikor-naviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А - 32, С - 5, САТ-1 - жеті, САТ-2 - үш, САТ-3 - төрт, Азия-1 - екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады.....
Рефераттар
Толық