Экономика | Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы

Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырады. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырады. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ақша нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталады. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән. Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды.....
Рефераттар
Толық