Экология | Атырау экологиясы

Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды деп ашып көрсетілген.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының құжаттарында ашық айтылғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен.
Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Ал қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның денсаулығына келетін зиян аса қауіпті екенін жоғарыда айтып кеттік. Халықтың денсаулығын қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.
Облысымызда 1 мың адамға шаққанда туылғандар саны республикалық көрсеткіштен жоғары болып, Атырау өңірі елімізде адам санын көбейтуде алдыңғы қатардың бірі екендігі көңілді қуантады. 2004 жылы бұл көрсеткіш еліміз бойынша 18,19 болса, Атырау облысында 21,36 болды, ал 2005 жылы республикада 18,41 болғанда, біздің облыста бұл көрсеткіш 23,09-ке жетті. Бірақ өкініштісі тұрғындардың жалпы аурулылық көрсеткіші жылдан жылға өсіп келе жатыр. 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 2004 жылы 32494,8 болса, 2005-ші жылы бұдан да көтеріліп 33496,3 жеткен. Соның ішінде, бір жастан бес жасқа дейінгі балалар арасында 1 мың балаға шаққанда аурулылық көрсеткіші өсіп отыр. Бұл жағдайды да біз экологиялық проблемалардан тыс қарай алмаймыз.....
Рефераттар
Толық