География | Атмосфера

АТМОСФЕРА деген атау гректің екі сөзінен аtmos-aya sphaira – шар, алынған. Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларының тұратын жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. Жоғарғы биіктікке көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады:
Биіктік (км) 0 1 2 3 4 5 20 50 100
Қысым (мм) 760 671 593 524 463 405 41,0 0,40 0,007
С кезіндегі биіктігі 760 мм сынап бағанасына тең ауа қысымы өлшем бірлігі болып саналады. Интернационалдық жүйе бойынша бір атм=101,325 к Па –ға тең. Атмосфераның жалпы массасы 5,51*10 тоннаға (500 триллион т) жуық, оның ішінде оттекке келетіні 105 триллион тонна, жыл сайын жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01%. Планетадағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда толық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі организмдер арқылы шамамен 2000 жылда өтеді. Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300-395 жыл аралығында.
Атмосфера жер бетіндегі өмірдің кепілі. Атмосфераның төменгі шекарасы – жер болып саналады. Бірақ бұл шекарада дәл емес. Өйткені ауа жердің ішкі қабаттарына да өте алады. Сонымен бірге ол мұхит және теңіз суларында да ерітінді түрінде кездеседі.
Атмосфера жерді және жер бетінде өмір сүретін органикалық дүниені ультра күлгін сәулелердің зиянды әсерінің, сонымен бірге ірілі-ұсақты метеориттердің бомбылауынан сақтайды. Атмосфераның өзі өте маңызды геологиялық агент (әсер) болып саналады. Ол тау жыныстарының үгілу процесінде ең басты рөль атқарады.
Атмосфера газдардың қоспасынан құралған. Сонымен қатар, оның құрамында азда болса қосымша су буы мен шаң тозандарыда бірге кездеседі.
Ауаны көп компоненттен тұратын газды ерітінді деп айтуға болады: тұрақты, өзгеріп тұратын және қосалқы.
1. Оттек (21,0%), азот (78,1%) және инертті газдар шамамен 1% жатады. Ауа сынамасын қай жерден алсақта оның яғни осы газдардың атмосферадағы көлемі тұрақты болып келеді. Жалпы молекула массасы 28,98. Екінші топқа көмірқышқыл газы 0,02-0,04% мен су буы 4% дейін жатады.....
Рефераттар
Толық