Биология | Ампулалық бездер
Ампулалық бездер (glandulae ampullares; лат. glandula — без, лат. ampulla — ампула, қампима) — еркек жануарлар шәует жолының несепжыныс өзегіне ашылар алдындағы ампула тәрізді қампиып кеңейген бөлігі қабырғасында кездесетін бездер. Ампулалық бездер құрылысы жағынан тарамдалған көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Қабандар мен еркек мысық тұқымдастары шәует жолдарының төменгі бөліктері, басқа жануарлардағыдай, қампиып кеңеймейді. Бірақ, олардың қабырғаларында да ампулалық бездер болады. Бұл бездердің сөлі қоректік заттарға бай болып келеді. Сондықтан, шәуетке араласқан без сөлі сперматозоидтар үшін қосымша қоректік орта қызметін атқарады. .....
Рефераттар