Химия | Алюминий

Алюминий – (лат. Aluminum ) Al – Д.И. Менделеевтің периодтысистемасының III тобындағы хим. элемент, рет нөмірі 13, атом массасы 26,9815. Алюминий атомының сыртқы электрондық қабатында 3 электрон болады. Алюминий деген ат ашудастардың лат. тілінде « alumen» деп аталуынан шыққан. Жер қыртысы салмағының 8,80%-ті – алюминий. Ол – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, жаюға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2698,9 ; балқу t 660,24°С; қайнау t 2500°С; коррозияға берік, қалыпты темпратурада тұрақты, себебі оның бетін алюминий тотығынан тұратын жұқа қабыршақ қаптайды, ол алюминийді одан әрі тотығудан қорғайды. Алюминийдің атомдық радиусы 1,43 , иондық радиусы 0,57 . Алюминий барлық тұрақты қосылыстарында үш валентті. Бір, екі, үш электронын беруіне байланысты оның иондану потенциалы 5,984; 18,82; 28,44 эв-қа тең болады. Алюминий – актив металл, кернеу қатарында магний мен мырыштың аралығынан орын алады. Алюминий – амфотерлік элемент, ол қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі, сутек бөлінеді. Ауадағы оттекпен қалыпты температураның өзінде–ақ қосылады. Галогендермен әрекеттесіп, AlГ3 (Г-галоген) – галогенидтер деп аталатын түссіз қосылыстар түзеді. Алюминий өте жоғары температурада күкіртпен әрекеттесіп, түзеді, ол – оңай гидролизденетін ақ түсті кристалды зат. Алюминий жоғары температурада азотпен нитрид деп аталатын (AlN) ақ түсті кристалл түзеді, ал көміртекпен әрекеттесіп AlC3 карбидін береді, ол ашық сары түсті. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі – алюмосиликаттар.Алюминий алуға жарайтын табиғи қосылыстар: боксит ( ), нефелин , алунит .Бұлардың ішінде алюминий алу үшін негізгі шикізат – боксит. Алюминий осы кезде өнеркәсәпте көбіне балқыған криолиттегі алюминий тотығының ( ) ерітіндісін 950 0С шамасында электролиздеу жолымен алынады. Алюминий – металдардың ішіндегі практикалық маңызы өте зор металдың бірі. Ол негізінде жеңіл құймалар өндіру үшін жұмсалады. Алюминий құймалары авио, авто, кеме, темір жол және хим.аппараттар жасауда т.б. салаларда қолданылады. Тех. Сапасы жағынан өте бағалы құймасы – дюралюминий.. Бұл құйманың құрамында 94 % шамасындай алюминий, 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний болады. Алюминий таза металл түрінде электротехникада ток өткізгіш сымдар, химиялық аппаратура, сондай-ақ күнделікті тұрмыста шаруашылыққа қажетті бұйымды дайындау үшін, басқа металдарды ауа коррозиясынан қорғау үшін қолданылады....
Рефераттар
Толық