Биология | Адецидуаттар

Адецидуаттар (грек, а — жоқ; лат. deciduus — түсіп қалу, бөліну) — буаздық кезеңінде, жатырдың ішкі кілегейлі қабығыңда (эндометрийінде) төл туғаннан кейін, арнайы бөлініп түсетін қабықшасы түзілмейтін және болмайтын жануарлар. Адецидуаттарға барлық тұяқты үй жануарлары жатады. Төлді туғаннан кейін, бұл жануарларда ұрық қабықтары: бүрлі қабық (хорион), несепқабық (аллантоис) және қағанақ (амнион) жатырдан оңай бөлініп ажырайды. Жатыр эндометрийі зақымданбайды. Себебі, эндометрийдің ішкі бетінде төлден кейін бөлініп түсетін арнайы қабықша болмайды. .....
Рефераттар
Толық