Этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы

Абу Насыр өл Фараби (870 - 950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы болған Отырар (Фараб -Қарашоқы) қаласында туып, сонда білім алған, кейін Бағдат (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген.
Ол - ғақлиялық (Ғылымилық) бағыттың бастаушысы. Ғалымның ғылыми еңбектерінің саны жүзден астам. Оларды топтасақ:
1. Астрономия;
2. Астрология;
3. Математика;
4. Логика;
5. Музыка;
6. Дәрігерлік ғылым;
7. Табиғат ғылымдары;
8. Социология - әлеуметтік ғылым;
9. Лингвистика - тіл ғылымы;
10. Поэзия - риторика;
11. Философия;
12. Педагогика.
Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медреседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемдегі екінші ұстаз (Аристотельден соң) атанған. Оның ұлы шәкірттерінің бірі Әбу әли ибн Сина (Авиценна) болған.
Әл — Фарабидің педагогикалық пікірлерінен төмендегіше тұжырымдарды аламыз:
1. Ғылым туралы: Ғылымда әл — Фарабидің "Бақытқа жету", "Ғылымдар тізбегі", "Ғылымдарды топтау" еңбектері ерекше орын алады. Ол математиканы жеті тарауға бөледі:
1. Арифметика;
2. Геометрия;
3. Оптика;
4. Астрономия;
5. Музыка;
6. Статика;
7. Механика - әдіс — айла жөніндегі ғылым.
Ол "Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе", "Риторика", "Софистика", "Поэтика", "Логика", "Этика", "Метафизика", т.б. көптеген оқулықтар, ғылыми трактаттар жазды. Оның оқулықтары мен ғылыми еңбектерін Әбу Әли Ибн Сина, Әбу Райхан Бируни, Омар Хайям сияқты шығыс ғұламалары, Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.....
Рефераттар
Толық

Этнопедагогикалық зерттеу әдістері және өзге ғылым салаларымен байланысы

Этнопедагогика — этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен үлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жөні сөз болған жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ еңбектерінде әдет- ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса құптарлық жайлар.
Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей тақырыптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретінде. ....
Рефераттар
Толық

Этнопедагогика ғылымы туралы

Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен етуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі.
Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады. Этнолингвистика-ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты:
1. Фольклористика
2. Этнология
3. Культурология
4. Мифология
Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ.
Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бері де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса, этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін байқауымызға болады. ....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

"Отан от басынан басталады".
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің".
"Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық".
/Халық даналығы/.
"Отбасы-шағын мемлекет:
Мен-Президент, сен — Премьер"
/Қ.Аманжолов/.
Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас - 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
2. Бөбек - 1-3 жас
3. Сәби - 3-7 жас.
4. Жеткіншек - 8-11 жас
5. Бозбала - 12-15 жас.
6. Үлкендер - 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері болады, ол үшке бөлінеді:
1. Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы.
2. Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.
3. Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік қатынастар отбасынан басталады.....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасындағы тәрбиенің мақсаттары

Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.
Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар. Мысалы. оларды бүгінгі таңға орайластыра шартты түрде жіктесек:
1) отбасы болуға дайындық және ұрық тазалығы;
2) Ана құрсағындағы тоғыз ай;
3) Бесіктің тәрбиелік мәні;
4) Балбөбек кезеңі;
5) Балабақша тәрбиесі;
6) Бастауыш мектеп кезеңі;
7) Орта білім беру және кәмелеттік кезең болып шығады.
Тегінде ұрпақ тазалығы жөнделмей, жан тәрбиесі түзелмейді.
Өйткені ұрық тазалығы - адам тәрбиесінің алғашқы шарты. Таза ұрықтан бірте-бірте өсетін жан иесінің жүрек тәрбиесі (бала тәрбиесінің бұдан басқа тағы бір жүйесі - ақыл тәрбиесі бар) жалғасады. Ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз күнге созылатын өмірінде нәресте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді. Бала осы кезенінде өзіндік биологиялық ерекшеліктерімен қатар кейін көкірек көзіне айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасының асыл арналары

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өлшеусіз бай. Батырлық дастандар мен лирикалық поэмалар, толғаулар мен жырлар, мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, айтыс өнері - халықтық педагогикадан бастау алатын атадан-балаға, ауыздан-ауызға беріліп келе жатқан мұралар.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:
а/ Тұрмыс-салт жырлары;
ә/ мақал-мәтелдер;
б/ ертегілер;
в/ эпостық жырлар;
г/ лиро-эпостық жырлар;
д/ айтыс өлеңдер;
ж/ тарихи жырлар.
Қазақ халқы шығыс халықтарының ішінде ауыз әдебиетіне ерекше бай, өзіндік ерекшелігі бар халық. Мысалы, басқа шығыс халқында кездеспейтін ауыз әдебиетінің үлгілері - айтыс өнері, терме, тұрмыс-салт өлеңдері, шешендік сөздер.
"Қазығұрттың басында кеме калған, Ол әулие болмаса неге қалған". Бұл рухани мұраларда тәрбиелік, өнегелік мәні аса ауқымды небір ойлар мен тұжырымдар жинақталған. Халқымыз халықтық педагогика негізінде діннің қоғамдық өмірге қатысын, халық психологиясы мен мінез-құлқын немесе, сонымен қатар өз тарихын, тәрбие жүйесің рухани дәстүрін білдіреді. Ертеде қазақ халқының жазу-сызуы болмаған кезде педагогикалық идеялар ұрпақтан-ұрпаққа тек қана халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы таралған болатын.
XIX ғасырға дейін жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өмірде көркем өдебиетте, білім де-ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі әлеуметтік экономикалық өмірі - ауыз әдебиетінен мол көрініс тапты.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті- сан ғасырдың жемісі. Оның түп-төркіні сонау патриархалдық-рулық заманнан басталады.
Ауыз әдебиетінің барлық жанры тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, эпостық, лиро-эпостық жырлар, негізінен сол заманнан келеді.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері: ертегі, жыр, аңыз, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш айтыс түрлері және т.б.
Ауыз әдебиеті - талай ғасыр жемісі халық жырлары, жыраулары, жыршылары, ертекшілері сонау ықылым заманнан өзінін асыл қазынасы ретінде сабақтасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің дәуірімізге жеткен.
Әдебиеттік жағынан алғанда қазақтың әдебиеті әр алуан, Өркениетті мәдениетгі елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз болмаған, дамымаған кездері ата бабаларымыз жас ұрпаққа ұсынар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып, мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырылған.
Ал енді біз қазақ ауыз әдебиетінің: бесік жыры, жаңылтпаш және жұмбақтардың этно-педагогикалық мәнін қарастырайық.....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасының ғылыми- теориялық негізі

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмасада, өз ұрпағыы бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлен-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмеседе, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшілде, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.
Мақсаты - бүгінгі тәрбие мен білім берудің көптеген көкейкесті мәселелерін халықтың педагогикалық творчествалықпен дамыту негізінде шешуге болатындығы жайлы студенттердің, мектеп мұғалімдерінің түсінігін қалыптастыру, халықтың педагогикалық тәжірибесіне мұғалімдер маманды-ғына дайындаудың аса қажетті мазмұндық компонент ретіндегі көзкарасының қалыптасуына ықпал ету.
Халық педагогикасында баланың дамуына ықпал ететін тәрбие факторлары мыналар:
1. Табиғат. Оның әрбір бөлігі-тәрбиенің көзі.
Ол адамға көрінетін, көрінбейтін әсерлер арқылы беріледі. Халық табиғаттың тәрбиелік әсерін поэзия тілімен бейнелеген.
Табиғат - халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлардың бірі болып табылады. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті, нәтижесінде кемелдену ұғымы туды.
Табиғатпен объективті үйлесімділіктің субъективті де жағы бар:
Біріншіден, денсаулықтың нығаюына көмектеседі;
Екіншіден, балалардың ақыл-ойы дамуына игі әсер етеді.
Табиғатпен және оның аясында өтіп жатқан өмірмен жанасу арқылы оны жақсы үйретуші, ұстаз деп таниды. Мұндағы қандайда бір құбылысты бақылауға беріледі және қоршаған дүние жайлы қызғылықты мәліметтер алады. ....
Рефераттар
Толық

Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі

"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның өөі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.
Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.
Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын "қиын оқушыларға" адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.
Құндылық проблемасы өмірдің өзінен алынған. Табиғат пен-қоғам құбылыстарына құндылық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Құндылық қатынас адам мен қоғам өмірінде қажетті, жалпыға ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Тәрбиеші шеберлігі

Мұғалім — мектептің тірегі ғана емес, ол оның бетке ұстар мақтаны. Сол себептен де шәкірт ұстазына қарап бой түзейді, оған еліктейді, сондай болсам деп киялдайды. Яғни, мұғалім - ұлт тәрбиешісі. Сондықтан болашақ ұстаздың бойынан еш уақытта маңыздылығын жоймайтын, жауапкершілігі жоғары болатын қасиет табылуы тиіс. Себебі, ұстаздың алдында еліміздің болашағы, әр ата-ананың көз қуанышы, үкілеген үміткері отыр.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыра нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл тәсіл сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалануға жетелейді. Сондықтан әр мұғалім өзіндік дайындығына, ой-санасының тереңдігіне қарай ізденеді. Бұл бағыттағы ізденістер еңбектеріндегі бір серпіліс болып табылады. Қазіргі кезде жоғары сынып оқушылары "Ұлттық бірыңғай тестке дайындаламыз, еңбектен күрделі пәндер бар" деп түрлі жайттарды себеп етіп, еңбек сабағына қатысқысы келмейтінін несіне жасырамыз. Оқушылардың еңбек пәніне деген қызығушылығын арттырудың бірден-бір әдісі шикізаттарды пайдалы іске асырып, ол мектеп тарапынан қолдау тауып, шығармашылық сайыстарда жүлделерге ілініп жатса, көрмелерге, байқауларға қатысып жүрсе мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мен өзім оқушыларға білім беруде ұлт байлығы — музыка аспаптарын жасатуды негізге аламын. Бұл оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеуде де үлкен рөл аткарады. Сабақ — өте күрделі, жауапкершілікті, септілікті, ұқыптылықты талап ететін сан қырлы. Әрбір сабаққа койылатын басты талап: оқушының еңбекке, еңбектенуге қызығушылығын арттыру; көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсер тигізе білу; балалармен ынтымақтастықта болу; сабақтың өмірмен байланысын нығайтып отыру.
Әрбір сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатын жайттар: шикізаттан жасалатын затты нақты жоспарлау (домбыра жасау); сабақтың түрін, әдістерін өзгертіп, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмыстарын туғызу (домбырада күй тартып беру, ән салу, т.б.); сабақ барысында дайындалатын затты күнделікті шаруада да пайдалануға болатынын жете сезіндіру (мысалы: домбыра аспабын дайындауда әрбір қазақ үйінің шаңырағын домбырасыз елестете алмаймыз); қазақтың ұлттық аспаптары: домбары, қылқобызын жасап, оларда ойнау тәсілдерін үйретіп жатсақ артық болмас.
Мен шамам келгенше оқушылардың пікірін жоққа шығармай, олардың ой-өрісінің дамуына жете назар аударамын. Осыдан үлкен қызығушылықпен дайындалған шикізат домбыраға немесе қылқобызға айналғанда еңбек сабағына келген әр оқушы бар ынтасымен сабаққа қатысып, жыл соңында шебер, уқыпты оқушыға айналады.....
Рефераттар
Толық

Тіл қатынасы жөнінде түсінік

А
дам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережесіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланылады.
Адам баласының сана – сезімнің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу адам сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық -әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамның тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. әйтпесе ол көздеген мақсатына жете алмайды. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшесінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиялық көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі.
Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп аталады.
Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибесін меңгеруге де мүмкіндігін алады.
Ойдың т ілі - сөз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалысында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.....
Рефераттар
Толық