Шоқан Уалихановтың саяси көзқарасы

Жиырмасыншы жүзжылдық бүкіл әлемдік тарихта ең саясаттандырған кезеңдердің бірі. Құқық, мемлекет, саясат мәселелері бұл ғасырда болып өткен әлеуметтік сілкіністерге және бұқаралық қозғалыстарға байланысты алдыңғы орынға көтерілді.Екі дүниежүзілік соғыс, діни және ұлттық айырмашылықтарға негізделген аймақтық соғыстар, дағдарыстар, революциялар мен саяси төңкерістер, тоталитарлық режимдердің қалыптасуы және құлауы, отаршылдық жүйенің қирауы және көптеген жаңа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың пайда болуы адамның теңдігін, құқықтары мен еркіндіктерін бүкіләлемдік мойындау − міне, осының бәрі әртүрлі әлеуметтік саяси бағдардағы ойшылдар мен ғалымдардың мемлкет, құқық және саясатқа қатысты теориялық қызметеріне ықпал етті.
Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихи-адамзаттық рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси ілімі мен тәжірбиесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, құқық, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әртүрлі көзқарастар мен ойлардың күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкілдерінің мемлекет пен құқықтық даму тарихы, бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын көрсетеді.
Шоқан Уалиханов (1835-1865) − заманның жан-жақты білім алған оқымыстысы, саясатшы, қазақ тарихы әдебиетінің зерттеушісі, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына тарихи дәуір тұрғысынан кең көлемді шолу жасаған ғалым. Шоқан Уалихановтың дүниетанымына, рухани жетілуіне Омбы кадет корпусының прогресшіл ниетті оқытушылары мен қазақ даласына қуғындалып келген халықшылардың үлкен әсері болды.Шоқанның қоғамдық-саяси көзқарастарында деомакратиялық бағыт қалыптасуына 1859-1861 жылдар аралығында Петербургте алған білімдері мен крепостойлық құқықтың жойылу қарсаңындағы революциялық қозғалыс,заманының алдыңғы қатарлы идеяларының жаршысы болған демократтармен танысуы игі ықпал еті. Ел даланы еркін жайлап, көшпенді тұрмыс салтын ұстаған халықтың жайын, тұрмысын салыстырып, өзге ел мәдениетімен таныстығы ұлғайған сайын елінің артта қалғандығына көзі анық жетіп, оның болашақ тағдырын ойлады.Ресейдегі және де Европаның басқа да елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістермен жақсы таныс Шоқан патша үкіметі жүргізіп отырған отарлық саясаттың зардаптары туралы ұсыныстары мен пікірлерін батыл білдіріп, жүргізіліп жатқан өзгерістердің адам мүддесіне сәйкес келуі қажеттігін атап көрсетті. ....
Рефераттар
Толық

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы меи дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-фиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.
Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады.
Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-тік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.
Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-рымдамаларында маңызды-орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. ....
Рефераттар
Толық

Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары

Отбасы – ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен органикалық байланыста болады.
Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.
Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілермен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік , өзара сыйластық, т.б. жатады.
Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Оладың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырды. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қоғамның этникалық бірлігі

Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың "этио-социология" деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр турлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін, мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсысының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәвді, тұрақты, қайталанатын, қажетті байланыстарды анықтап, жалпы зандылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіңдегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес "этноге¬нез", т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн.
"Этника" деген ұғым "этнос" деген ұғымнан, терминнен шыққан. "Этнос" грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдардың тарихи-этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин "халық" деген ұғымға өте жақын. Бұл жерде "метаэтнос", "субэт-нос" деген терминдер шығады. Метаэтнос (немесе үлкен этникалық бірлік) — бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі. Мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады. Мысалы, славян немесе түрік халықтары — ортақ жақтары көп. Субэтнос немесе субэтникалық топ — бұл халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.
Этника немесе этникалық қауымдастық — белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы.
Бұл табиғи-тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі. Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну, т.б. белгілері болады.
Адам қоғамдық әлеуметтік организм ретінде өзінің әлеуметтік-этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процесі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы-әлеу-меттік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап-тілегіне, т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Бұл қауымдастықтардың өздеріне тән шығу және даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл, ең алдымен, олардың белгілі территориясынан — қауымдастықтың қалыптасу бесігінен мәдениетінен басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік қажеттілік адамның өмір сүруіне тікелей әсер етеді. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемасы туралы ұғым

Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас болып бөлінеді.Мысалы, таптық-антагонисттік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік болып табылады.
Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, -адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен , қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланысын , өзара тәуелдіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.
Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық құбаластарды белгілі бір жұйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, оладың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.
Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымының өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен байланысты.
“Структура” термині латын тілінен алынған ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастағын білдіретін термин.
Қоғамның эконмикалық базисін шын мәнінде келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің-өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады.
Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек нәрсесі. Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағыттталған адамның саналы қызметі. Еңбек нәрсесі деп адамның өндіріс құралының көмегімен өнделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз- еңбек нәрсесін өндеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек құралы мен еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қақтығыс жайлы Т Парсонспен Элтон Мэйоның тұжырымдамалары

Қазіргі кезде қақтығыс теориясы қосымша нақтылауды иеленді. Қақтығыстану мәселенамасы шамалы нақты сипаттаманы иеленді.
Қақтығысты зерттеуде теориялық аспектіні өңдеуде американдық социолог Толкатт Персонспен жүйеленген ұйымның құрылымдық – функционалды үлгі маңызды орын алды. Спенсердің артынша, Соркинннің әсерінсіз (ол 1922 ж. Ресейден кетуге мәжбүр болды, АҚШ – та орнықта, 1930 ж. Гарвард университетінде өзі құрған әлеуметтік факультетті басқарады). Ол қоғамды адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесінде қарастырды, оны байланыстырушы буын қалып пен құндылық деп есептеледі. Парсонс келесі жағдайларды зерттейді: а) кез келген әлеуметттік жүйе беріктік, тұрақтылық және жақсы интегралданған құрылымды ұсынады.
б) бұл жүйенің әр элементінің белгілі қызметі бар, соның әсері оның тұрақтылығына үлес қосады;
в) әлеуметттік құрылымдары функциялау одақ мүшесінің құнды келісіміне негізделеді, олар қасиетті тұрақтылық пен интеграцияны қамтамасыз етеді.
Парсонстың пайымдауынша, әлеуметтік әрекеттің нормативті компоненттері төрт деңгейде айналады: организм, тұлға, әлеуметтік жүйе, мәдениет. Қақтығыстың мүмкіншілігі әлеуметтендіру процесінің өзінде жатыр, нәтижесінде адам тек әлеуметтік жүйе функционалдық әдісіне ғана қатысты емес және сәйкес мәдениетінің құндылықтары мен қарым – қатынастағы организмнің ішкі физиологиялық қасиеттері мен адамның қасиеттіліктерінің әлеуметтендіру нәтижесінде сәйкестікке, белгілі кернеуге өсуі мүмкін.
Парсонс әлеуметтік жүйені белгілі типтегі ұйым есебінде түсінеді, ол төрт функционалды тараптарды ұсынады: сыртқы объектілерге бейімдеу мақсатқа жету, жүйені интеграциялау, нормативті – құндылық үлесіндегі құрылымдық формаларды өндіру. Және де, бейімдеу экономикалық қарым – қатанаста мақсатқа жету – саяси жағдайды, интеграция - құқықтық нормалар мен салт – дәстүрлерді, құрылымдарды өндіру әлеуметтік институттар, сенушілік және ізгілікті қамтамасыз етеді деп есептеді.
Әлеуметтік Жүйенің ішкі кериарлықтары ауқымды болды, нәтижесінде қақтығыстар пайда болды. Жалпы Парсонс жүйедегі элементтер арасындағы қақтығыссыз «үндісті» қарым – қатынасты жақтаған. Оған қақтығыс әлеуметтік анология, өздігінше дерт , оны жеңу керек деп санаған. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қала мен ауыл село адамзат мекенжайының тарихи түрлері

Адамдардың бүкіл қоғамдық өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік-территориялық қауымдастықтар шеңберінде өтеді. Ол қауымдастықтар – жеке адам өмірінің басты формасы мен шарты. Адамзат қауымдастықтарының ру-тайпалық, халықтық, ұлттық және таптық сияқты тарихи формаларынынң бәрінен негізгі бір белгісі әлеуметтік–территориялық бірлестік болып келді, өйткені ол қауымдастықтардағы адамдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, тарихи және рухани-идеологиялық қарым-қатынастары белігілі бір мекенжайларда, яғни географиялық ортада ғана іске асады. Сондықтан адамдардың түрліше мекенжайларының қоғамдық мәнін ашып көрсетудің маңызы зор.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары егіншіліктің шығыумен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған. Ірі мекенжай ретінде қала сауда-саттық және қолөнер кәсіптерінің шығуына байланысты пайда болды. Демек, адамзаттың өз мекенжайларын тіршілік қажеттеріне қарай орналастыруын табиғи–тарихи заңдылық процесінің нәтижесі деп қарастыру қажет: алғашқы кездерде мекенжайлардың сипаты мен орналасуы табиғи-географиялық жағдайлармен анықталған болса, ал уақыт озған сайын әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталатын болды. Мекенжай адамның тұрақты өмір сүру орнына айналған сайын оның бұл мекенжайымен екі арадағы тәуелділік механизмі де: жұмыс, жанұя, денсаулық, т.б. жағдайлары да күшейе түсті, ал қоғам дамыған сайын бұл тіршілік механизмдерінің тәуелділік байланысының кейбіреулері нығая түссе, енді берулері әлсіреді.
Қазіргі қоғамда мекенжайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен (қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Бұлар өнеркәсіптің дамуының салдары болып табылады. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыру қиынға соғады, өйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және объективтік сақсат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылықтар бар екенің көреміз. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қарттарға әлеуметтік көмек көрсету

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы егде адамдардың көптеген құқықтарын бекітеді, бірақ құқықтады жариялау оның автоматты, әсіресе егде адамдардың әлеуметтік жеңілдіктеріне, ақысыз медициналық көмек алуға және дәрі-дәрмекпен ақысыз қамтамасыз етілуіне қатысты ережелерге қатысты құқықтық іске асырылуын білдірмейді.
Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған конституциялық нормаларды іске асыруға бағытталған заңнамасын 3 бөлікке бөлуге болады: жасына тәуелсіз барлық азаматтардың, оның ішінде егде адамдар үшін аса маңызды құқықтарды бекітетін нормалар; егде адамдардың құқықтарына тікелей қатысты нормалар; егде адамдардың ерекше санаттарының ережелерін реттейтін нормалар.
Бірінші топқа көптеген заңнама актілерінде: Азаматтық кодексте, Жер кодексінде, «Неке және отбасы», «Азаматтардың денсаулықтарын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңдарда бекітілген нормалар жатады.
Екінші топтағы нормаларға «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарды жатқызуға болады.
Үшінші топқа, мысалы, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылған және жасына жеткен жағдайлар бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ұлы Отан соңынына қатысушы мүгедектерді және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңдар жатады.....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қоғам жүйе ретінде

Қоғам ұғымы, әлеуметтанудың басты санаттарының бірі болып табылады.
Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын “табиғат” пен “қоғам” сияқты кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің әлеуметтану үшін басты, әдістемелік маңызы бар.
Біз, әдетте, адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және оның негізі бар. Бұл жерде “табиғат” ұғымы бүкіл дүниенің, барлық шынайылықтың (органикалық және бейорга¬никалық дүниенің, адамның, қоғамның) табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. “Қоғам - табиғаттың бір бөлігі” деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады және т.с.с.
Қоғамды табиғатқа қарсы қоятын басқа бір жағдайда “табиғат” ұғымы деп адамға, қоғамға қатысты сыртқы (табиғи-географиялық) орта ретіндегі тұтас шынайы дүние емес, оның тек бір бөлігі ғана түсініледі. Адам - мейлі ол өзінің көрінісінің жоғары нысанында болсын, биологиялық (тірі, табиғи) тіршілік иесі ғана емес, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан өрбитін тек өзіне ғана тән әлеуметтік сапалар мен қасиеттері бар, сапалық тұрғыдан жаңа, принципті ерекше құбылыс; ал қоғам өмірі - әлеуметтік санадан жұрдай және өзін жануарлар әлемінен бөліп көрсетпейтін жеке биологиялық түрлер әрекет ететін биологиялық өмірге (ұйымшыл-дығы жоғары жануарлар - адамға ұқсас маймылдардың өміріне) қосылмайтын сапалық өзіндік ерекше, әлеуметтік өмір екендігін көрсету және атап өту қажет болған кезде мұның ерекше маңызы бар. К.Маркс адам болмысын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде анықтаған кезде, ол осы арқылы адамның ең алдымен қоғамның өнімі екендігін атап өтуге тырысқан.....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы

Әлеуметтік тұрғыдан тілді зерттеуші белгілі ғалым Б.Хасанов шетелдерде шоғырланған қазақтардың тілін, өмірін зерттеу қазақ тіл білімі үшін ғана емес, дүниежүзі әлеуметтік лингвистикасы үшін мені зор екенін атай келе, былай дейді: "Жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың "қазақ" болып қалуынын бірден-бір куәсі - оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол — оның ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында, атап айтқанда, тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы" /4, 250-б./.
Белгілі бір тарихи себептерге байланысты елден бөлініп, жырақтап қалған осы бір саны бүгінгі күнде милионнан асқан қандастарымыздың тілі қандай дәрежеде, қандай сипатта екенін зерттеу, оны жалпы халықтық мемлекеттік қазақ тілі деңгейінің аясында қарастыру — тіл білімінің бүгінгі таңдағы басты мақсаттарының бірі екені даусыз.
"Совершенно не исследованы диалектные особенности казахов, проживающих за пределами Казахстана. ...Казахи живут в северных округах Синьцзян Китайской Народной Республики, а также в юго-западных аймахах Монгольской Народной Республики. Все эти районы пока остаютя не изученными"/5,63-б./. Одан беріде Қазақстан территориясынан тыс аймақтардың ішінде Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей қазақтарының тілі зерттеліп, монографиялық еңбектер жарық көрді. Ал шетелде тұратын диаспораның тілін зерттеуде тек Монғолиядағы қазақтардың тілі мен Ауған, Иран қазақтарының тілі ғана зерттеліп, ғылыми нысанаға айналды. Ал Қытайда түратын қазақтардың тілі тек жекелеген мақалалар түрінде ғана көрініп келеді. Ол жайында Ш.Сарыбаевтың, Ж.Болатовтың және Б.А.Бафиннің бірқатар мақалаларында сөз болған. Бұл мәселе қытай тілші ғалымдарының да назарынан тыс қалмаған. Бұл мәселенің зерттелуі жаңа Жоңго (КНР) құрылғаннан кейін, XX ғасырдың 50-ші жылдарында Қазақстанда өріс алған қазақ тіл білімінің диалектология саласының ғылым ретінде қалыптасуымен тікелей байланысты дамыды. Кейіннен Қытайдың өзінің ішкі саяси өміріндегі өзгерістерге қатысты кеп жылдар бойы үзіліп барып, 80-ші жылдардан кейін қайта жалғасын тапты.....
Рефераттар
Толық