Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) АТФ

РНҚ молекуласының құрылымы. ДНҚ мен РНҚ бірдей; мономерлі тізбек — нуклеотидтерден тұрады, сонымен қатар олардың арасында төмендегідей айырмашылықтар бар:
1. Олардың молекуласындағы қанттардың құрамы әр түрлі. РНҚ рибозадан құралған, сондықтан рибонуклеин қышқылы деп аталады, ал ДНҚ-ның құрамы көмірсудың дезоксирибозасынан тұратындықтан, дезоксирибонуклеин қышқылы деп аталады.
2. ДНҚ, мен РНҚ-ның құрамындағы аденин (А), гуанин (Г) және цитозин (Ц) бірдей, ДНҚ-да — тимин (Т), ал РНҚ-да соған ұқсас урацил (У) орналасады.
3. ДНҚ екі тізбекті, ал РНҚ бір тізбекті. Бірақ РНҚ-ның сәйкес нуклеотидтері қосылған жерлері қос тізбекті болады.
РНҚ молекуласының мөлшері, құрылымы және қызметіне қарай әр түрлі. Олар мыналар:
1. Тасымалдаушы РНҚ (т-РНҚ). Жасуша ядросындағы т-РНҚ-ның мөлшері 10%-тей болып, молекулалық салмағы 20 000—50 000-ға дейін жетеді. т — РНҚ-ның негізгі қызметі ақуыз молекуласының синтезі кезінде аминқышқылдарын рибосомаларға тасиды. Әрбір аминқышқылының өзіне тән ерекше т-РНҚ-сы болады, яғни аминқышқылының әрқайсысына бір т-РНҚ сәйкес келеді. Сондықтан да т-РНҚ-ның жиырмадан астам түрі бар. Олар бірінші реттік құрылымымен ерекшеленеді.
т- РНҚ-ның екінші реттік құрылымы «жоңышқа жапырағына ұқсас келеді. т-РНҚ молекуласының бірнеше нуклеотидтері комплементтік негіздеріне сәйкес бір-бірімен өзара байланысады да, оның пішіні жонышқа жапырағына ұқсас болады. т- РНҚ-ның «Е» бөлігінде ДНҚ-ның аппаратына сәйкес үшөрім (триплет) болады да, ал оған қарама-қарсы тұрған «Д» бөлігіне үшөрімге сәйкес келетін аминқышқылын жабыстырып алады......
Рефераттар
Толық

Пастереллез ауруы

Патологиялық анатомия немесе патоморфология тірі организм ауру болған кезде және одан тәуір болып келе жатқан кездегі орган және тоқымалардың нормаль болуында жүзеге келетін өзгерістерді үйрететін пән. Көзбен көруге болатын өзгерістер микроскоп істетуді талап ететін микроорганизм гистологик өзгерістер (патологик, гистологик) тексереді. Патологиялық анатомия тек көрсетіп көретін пән емес. Ол клиника мен бауланған тәрізде дамиды. Өлікті жаруды алынған нәти желерден эксперимент және физиология информациялары да пайдаланылады. Аурудың даму механизмін, яғни патогенезін үйренеді. Бұл – ауруларды анықтау, олардың емін және алдын алуын, яғни профилактикасы үшін ғылым мәселелерін негізденген жұмыста істеп шығаруда өте үлкен роль атқарады. Аурулар және организм функцияларының ауру уақытында көрінетін өзгерістері ауру жануар клиникада көзден кешіргенде және патологиялық физиологияда да тексеріледі. Патологиялық анатомия әртүрлі ауруда организмнің көптеген системаларға байланысты болған және түрлі ауруларда қайталанып тұратын түрлі-түсті өзгерістердің бірге қосылуын көрсетеді. Аурулардың себептерін білу медицина үшін үлкен көзқарасқа ие. Инфекцион ауруларға қарсы күресте травматизмде және әртүрлі өнеркәсіп қалдықтарынан улану жолдарының алдын алуды медицина көптеген қолға кіріткен ұтыстары мен үлкен дәрежеге жеткен. Әрқандай ауруды білу үшін оның этиологиясын білу керек. Ауру не себептен пайда болады деген сауалдарға жауап беру аздық қылады. Ол үшін аурудың қалай өршуін анықтау, яғни оның патогенезін үйрену керек т.б. ....
Рефераттар
Толық

Өсімдік пероксидаза ферментіне сипаттама

Фузариоз проблемасы ауылшаруашылық өсімдіктері үшін өте маңызды болып саналады. Бұл проблема глобалдық мағынаға ие болған.
Осы ауруды топырақ саңырауқұлағы (F. solani және F. roseum) туғызады. Олар әр түрлі топырақта кездесетін, спора түрінде көптеген жылдар бойы сақталады. Ең көп таралған және қатерлі болып Fusarium solani саңырауқұлағын айтуға болады. Инфекция споралары бар топырақ бөліктерімен жұғады. Бұл ауру қыстық - көктемдік кезеңдегі картоп шығынының негізгі себебі болып саналады. Осы ауру әсерінен сақтау кезеңінде шығын 20% дейін жетеді. Фузариоздық аурудың зияндық әсері түйіндер шығынымен ғана емес, инфекцияланған түйіндерді себу кезінде өсімдіктердің өсуі тежеліп, ал ол өз кезегінде түсімнің азаюына себеп болады. Ал инфекцияланған түйіндердің кейбіреулері өспей, шықпай қалады. Ол ауылшаруашылығына өте көп шығын алып келеді.
Осы мәселені шешудің бір көзі - ол Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтардың әсеріне төтеп бере алатын өсімдіктердің метаболизмін зерттеу болып отыр. Соған байланысты көптеген ғалымдар осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Қазіргі кезде зерттеушілер патоген мен өсімдік қатынасының молекулалық механизмін зерттеуге көңіл бөлуде.
Соның ішінде картоптың патогенге тәуелді пероксидаза ферментін зерттеу өте маңызды. Пероксидаза индукциабильді, көп функционалды фермент болып келеді. Судың асқын тотығы немесе молекулалық оттегі көмегімен әртүрлі химиялық заттарды тотықтырып, жоғарғы улы қосылыстар (хинондар) немесе полимерлер түзіледі. Ал сол полимерлер өз кезегінде қорғаныштық қызметі бар болғандықтан (лигнин, суберин) инфекцияның кіруіне бөгет болады. Соған байланысты бұл фермент өсімдік иммунитетінде үлкен орын алады.
Бұл жұмыстың мақсаты – Fuzarium solani саңырауқұлағы залалдаған картоп клеткаларындағы пероксидаза ферментінің активтілігін зерттеу. Мақсатқа байланысты туатын міндеттер:
1. Fusarium solani саңырауқұлағының өсу қисығын тұрғызу.
2. Картоп клеткаларын in vitro сұйық ортада өсіру.
3. Пероксидаза ферментінің Fusarium solani саңырауқұлағы залалданғандағы клетка сыртылық және клетка ішілік формаларын бөліп алып, олардың активтігін анықтау. ....
Рефераттар
Толық

Өсімдіктер жайлы мәлімет

Жасыл өсімдіктер — Жер бетінің сәулеті және халық игілігіне жарайтын дәулеті болып есептеледі. Өсімдіктердің тіршілігі де тылсым сырларға толы. Өсімдіктің әр мүшесінің өзіне тән жасырын құпиялары бар. Өсімдіктің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі және тұқымының құрылысы мен олардың атқаратын қызметтері де сан алуан.Кітапта осылар жайлы деректер тартымды берілген.

Бұршақ (Pisum) — бұршақтар тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Жапырағының ұшындағы тармақталған мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі. Гүлі ірі, тұқымы шар тәрізді. Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, озат колхозшылар мен тәжрибе егістіктері 35—40 центнерден өнім алады. Бұршақтың бұрынғы КСРО-да 6 түрі өседі. Олар: биік бұршақ — біржылдық өсімдік; бұтақтанған қатаң сабағының ұзындығы 100—150 см-ге барады; мұның кейбір формалары екпе бұршақтың ататегі болып табылады. Биік бұршақтың жемшөптік мәні зор өсімдік; әсем бұршақ (Р. formosum) — көпжылдық өсімдік; сабағының ұзындығы 5—15 см, биік тауларда жабайы түрінде бұтақтанып өседі. Мал жақсы жейді; сиыр жоңышқа; май бұршақ (Р. arvense) — жабайы түрінде өсетін біржылдық өсімдік; мұның тағамдыққа онша мәні жоқ, сондықтан оны жемшөп және кейде жасыл тыңайтқыш үшін егеді; май бұршақ мол өнім беретін өсімдік: гүлденген кезінде гектарынан 150—200 центнер көк шөп, 33—40 центнер пішен береді, 1 га-дан 8—10 центнер тұқым түседі; екпе бұршақ (Р. sativum) — біржылдық өсімдік; бұл көбінесе астық үшін өсірілетін өте құнды өсімдік; жатаған бұршақ (Р. humile) — біржылдық өсімдік; әлсіз жіңішке келген сабағының ұзындығы 20—35 (50) см. Суармалы жерлерде арамшөп түрінде өседі, мал жемейді.

Тауқалақай (Lamiura album) — ерінгулділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Тауқалақайдың зәрлі бездері болмайды. Сабағы онша бұтақтанбайды, гүлі — ақ түсті, апрельден бастап күздің аяғына дейін гүлдеп тұрады. Тауқалақай тоғайлы, таулы жерлерде өседі. Мұның күлтелерін ел арасында емге жұмсайды. Тауқалақайдың құрамында тері илейтін зат, қант, ламиин алкалоиды, эфир майлары, сапониндер бар. Тауқалақайды қазақша кейде бойқалақай, кейде аққалақай деп те атайды. ....
Рефераттар
Толық

Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі

Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организмдердің патогенді немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың әсер етуінен пайда болады. Бұл патогенді микроорганизмдер өсімдікпен жанасып әрекеттеседі, оның организміне еніп, немесе оның сырт бетінде өсіп дамиды және тіршілік әрекеттерімен өсімдіктегі физиологиялық процестерді бұзады, яғни өсімдікті ауруға шалдықтырады.
Сонымен індетгі аурудың негізгі ерекшелігі міндетті түрде ауру туғызушы, өсімдіктің сыртқы бетінде, немесе ішінде (ұлпаларында) дамитын, одан өзінің тіршілік әрекеттеріне қажет қоректік заттарды алушы, микроорганизмнің немесе басқа паразиттің (арамтамақтың) болуында. Бұндай аурулардың екінші ерекшелігіне, олардың басқа сау өсімдіктерге, немесе жеке органдарға тікелей жанасу жел, адам, хауанаттар, сондай-ақ, індеттенген өсімдік қалдықтары арқылы тез таралатындығын жатқызуға болады.
Микроорганизмдерге байланысты пайда болатын аурулардан басқа біраз жоғары сатыдағы өсімдіктерге (гүлді паразиттер) және хайуанаттарға (нематодтар), насекомдарға байланысты ауруларды ажырата білген жөн. Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерге сұмқұла және арамшырмауықты жатқызуға болады. Сұмқұла хлорофилсіз шөптесін өсімдік туысы. Қазақстан жерінде оның 23 түрі өседі. Басқа өсімдіктердің тамыры арқылы қоректеніп, өніп-өсетін аса қауіпті арам шөп. Арам шырмауық-жоңышқа, беде, түйежоңышқа, сиыр жоңышқа, кендір, темекі егісінде өсіп, оларды зақымдайды. Қазақстанда бұлардың 19 түрі өседі.
Барлық өсімдіктер қоректену тәсіліне байланысты автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді....
Рефераттар
Толық

Оба ауруы

Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.
Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді.
Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа "юстинианов обасы" (531-580 ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып Жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млн.ға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда "қара өлім" аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Индияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік - батысына, орталық және оңтүстік - шығыс облыстарына кірген.
Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте басталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соңғы 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық құрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901, 1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғылық тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды.....
Рефераттар
Толық

Организм ішікі ортасы

Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.
Ұлпа сұйықтығы
Ұлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.
Лимфа
Лимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады.
Қан
Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады.
Қан құрамы
Қан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады.
Қан плазмасы
Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады.
Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.....
Рефераттар
Толық

Топырақ құрылымы құрамы жіктелуі және қасиеттері

Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы .
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ.
2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады. ....
Рефераттар
Толық

ҚҰСТАР

Жыртқыштардың көпшілігі омыртқалылармен қоректенеді, олардың тырнақтары ұзын, әрі өткір, әрі ілмек тәрізді. Тырнақтарымен олар аулайтын жемін ұстайды және өлтіреді. Тұмсықтары қысқа, мықты, оның ұшы ілмек тәрізді төмен қарай иіліп келген, онымен жыртқыштар жемін бөліктерге бөліп қоректенеді. Кейбірі өте жылдам ұшады. Олар ұшып бара жатқан құстардың немесе өте жылдам жүгіретін аңдарды ұстайды. Қейбірі калықтап ұшады. Ондай құстар биіктікте шеңбер жасай ұшып жүріп, төмендегі жемін аулап іздейді. Олар жұп құрып өмір сүреді, ірі күндізгі жыртқыштар өз жұбын өмір бойы сақтайды. Бұлар қызыл шақа балапан шығаратын құстар.
Әр түрлі сұңқарлар — дене мөлшері шағын және орташа, өте жылдам ұшатын жыртқыштар. Олардың ішіндегі көбірек танысы бектергі жер бетінде болатын тышқан тәрізді кемірушілерді, ірі бунақденелілерді аулайды. Адам үшін оның ерекше практикалык, маңызы бар.
Ертегілердегі айтылатын зұлымдық әкелуші кезқұйрық — шын мәнінде, аз қозғалатын бақалармен күнге қыздырынып жатқан кесірткелермен, өлген балықпен қоректенеді. Ол өзінің жемін биіктіктен айналып ұшып жүріп қарайды. Әр түрлі қырандар едәуір ірі жануарларды: үйрек, кұр, қоян, кіші тұяқты аңдарды ұстайтын ірі жыртқыштар.
Елімізде тіршілік ететін жырткыштардың ең ірісі — тазқаралар. Олар жоғары биіктіктен ұшып жүріп елекселермен қоректенеді. Олардың тырнақтары нашар жетілген (өйткені өлексемен қоректенеді). Оның есесіне тұмсықтары ете мықты, онымен едәуір ірі тұяқты аңдардың терісін тіле алады. СССР-де олар Қырым, Кавказ және Орта Азия тауларында кездеседі.
Тазқаралардын, денесі салмақты, жерде епетейсіз қимылдап, теңселіп жүреді, алайда бөгде құстарды өлекседен қуған кезде, олар шапшаң адымдап қозғалады. Жалпақ қанаттарын ұзақ уақыт қалықтап ұшуға бейімделген. Қанатын жазғандағы алымы 2,5 м болады. Тазқаралар ормансыз тауларда, жазық жерлерде өте жоғары биіктен жемтігін іздейді. Қозғалыссыз жатқан өлексені көре салысымен жыртқыш оған қарай құлдырай жөнеледі. Тазқараларды басының алдыңғы бөлігі мен мойнындағы өте сирек қауырсыны бар жері арқылы оп-оңай тануға болады.
Күндіз жемін аулайтын жыртқыштар ауыл шаруашылығында адамға көп пайда келтіріп, тышкан тәрізді кемірушілер мен знянды бунақденелілерді құртады. Енді бір тобы ауру және қартайған жануарды жою арқылы, олардың құрамын жаксартады. Олар сирек кездесетіндіктен Қызыл кітапка тіркелген. ....
Рефераттар
Толық

Қызылша

Республикадағы қант өндірісі қант қызылшасын өсіру мен қант-шикізатының оптималды көлемін әкелуді ұтымды үйлестіру негізінде кешенді дамуы қажеттігін атап өту қажет. Бұл келесі себептермен қамтылған, біріншіден «Қазақстан өз мүмкіндіктерін толығымен пайдаланғанда ішкі рыноктың қажетін өз шикізаты есебінен кем дегенде 25-30%- дейін қамтамасыз етеді...»; екіншіден, қызылшадан қантты қайнату процесінің маусымдылығы қант зауытының өндірістік қуатын 6,3 %-дан 36,4%-дейін пайдалануды жорамалдайды, үшіншіден, қант-шикізатын өңдеу халықтың қантқа қажетін, қант зауыты өндірістік қуаты мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді .
Қызылша қант кешені қызметіндегі қолайсыз құбылыстарды жою үшін белгілі уақыт аралығына оның даму концепциясын дайындау қажет. Біздің жағдайда 2015 жылға дейінгі уақыт аралығы ұсынылады. Осы құжаттың негізгі шарттарын анықтар алдында халықтың жан басына келетін қантты тұтыну мөлшерін анықтау қажет. Республикада қантты тұтынудың әртүрлі мөлшері келтіріледі. Сонымен 2002 жылы ҚР ҒҰА тамақтану институтымен қантты тұтынудың мөлшері 35-37 кг көлемінде анықталды, «Тамақтану Қазақстан академиясы» ЖАҚ-мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын дайындауда пайдаланылған, бір адаммен қантты тұтынудың 15,26 кг, ең төменгі стандарты ұсынылды; Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесі (ДДМ) тұтынудың ұтымды мөлшері -20 кг болатындығын анықтады. Халықтың жан басының қантты тұтыну динамикасы орташа статистикалық қазақстандықпен қантты тұтыну ешқашан минималды стандарт-15,26 кг-нан төмен болған емес, қантты максималды тұтыну 1990 жылы-38 кг, 2004 ж-33,6 кг болды. Біздің ойымызша қызылша-қант өндірісінің даму концепциясын дайындауда қантты тұтынудың 35 кг/адам мөлшерін пайдалану жеткілікті негізделген көрінеді, оған қоса бұл мөлшерді авторлар өз зерттеулерінде қолданған болатын .
Алдын-ала анықтап алуға қажетті келесі жағдай-бұл қант қызылшасы мен қант-шикізатынан қантты алу мерзімі. Елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қант зауыттары өндірістік қуаттарының ұтымды пайдаланылуын, сондайақ олардың жұмыстарының маусымдылығын бір қалыпты ету үшін, қант қызылшасын өңдеуді күзгі-қысқы уақытта, қыркүйектің екінші жартысынан бастап желтоқсанның аяғына дейін 100-110 күн аралығында, ал құрақ шикізатын өңдеуді қысқы-жазғы мезгілде 160-180 күн ішінде іске асыру қажет. Онымен қоса уақыт бойынша қант қызылшасынан қантты өндіру үлесі ұлғайуы тиіс. Ұсынылған тұтыну мөлшері, халық санының өсуі, қантты алу мезгілі және қант зауыттарының жобалық қуаттары арқылы 2015 жылға дейінгі мерзімге, республикада қант қызылшасы мен қант шикізатынан қантты өндіру мен тұтынуды жоғарлатудың келешегін есептейміз. ....
Рефераттар
Толық